sustain [səˈsteɪn] v 1. ∼ smb/smth қажетті жағдай жасау/ жарату; дем беру, демеу ♦Which planets can sustain life? – Қандай планеталарда тіршілік болады/ бар?/ Қандай планеталар тіршілікке дем бере алады? ♦I only had a little chocolate to sustain me on my walk. – Жүрген кезімде талағажау/ азық боларлық кішкентай ғана шоколадым болды. ♦The love and support of his family sustained him during his time in prison. – Абақтыда болған кезінде өз үй-ішінің махаббаты мен қолдауы оған демеу болды. ♦When she lost her job they could no longer sustain their expensive lifestyle. – Ол жұмысын жоғалтқанда олар шірене өмір сүре алмай қалды. ♦The soil was so badly eroded it could no longer sustain crop production. – Топырақтың аз(ғында)ғаны сонша(ма), егістік дұрыстап шықпай қалды. 2. ∼ smth бір қалыпта ұстап тұра алу, (қарқынды) ұзақ сақтау (syn: maintain) ♦She managed to sustain everyone's interest until the end of her speech. – Сөзінің аяғына дейін ол жұрт назарын өзіне бұра алды. ♦Kangaroos can sustain high speeds over long distances. – Кенгурулар ұзақ қашықтыққа талмай/ тынбай қатты шаба алады. ♦the sustaining pedal of a piano – үнді ұзақ шығара алатын пианино педалі ♦This relationship would be very difficult to sustain. – Бұл қатынасты ұстап тұру өте қиын болады. 3. ∼ smth (formal) қиын жағдайға душар болу/ ұшырау (syn: suffer) ♦to sustain damage/an injury/a defeat – зиян шегу/ жарақаттану/ жеңілу ♦The company sustained losses of millions of dollars. – Компания миллиондаған доллар шығынға батты. 4. ∼ smth айғақ/ дәлел келтіру, дәлелдеу (syn: uphold) ♦The evidence is not detailed enough to sustain his argument. – Айғақ оның айтқанын дәлелдейтіндей жан-жақты емес. 5. ∼ smth (formal) көтере алу, көтеру, тіреу, ұстау (syn: bear) ♦The ice will not sustain your weight. – Мұз салмағыңды көтере алмайды. 6. ∼ smth (law) арызды/ дауды дұрыс/ жарамды деп табу (syn: uphold) ♦The court sustained his claim that the contract was illegal. – Сот контракт заңсыз деген оның арызын/ дауын дұрыс деп тапты. ♦Objection sustained! – Қарсылық қабылданады/ дұрыс!