swamp [swɒmp] A.n батпақ, саз, саздақ (syn: marsh) ♦tropical swamps – тропикалық батпақтар ♦The country contains around 700 square km of swamp. – Елде 700 шаршы км батпақ/ саз бар. B.v 1.көбею, құжынау, қаптау, жамырау, толу (syn: inundate) ♦The department was swamped with job applications. – Жұмысқа берген арыздар бөлімге ағылды. ♦In summer visitors swamp the island. –Келушілер жазда аралға қаптайды. 2. ∼ smth су басу, суға толу, су жайылу (syn: engulf) ♦The little boat was swamped by the waves. – Шағын қайық толқынның астында қалды. ¨Huge tidal waves swamped the town. – Тасыған зор толқындар кентті басты.