swear [sweə(r)] v (pt swore [swɔː(r)], pp sworn [swɔːn]) 1.боқтау, боқтай сөйлеу, боқтану, жаман сөйлеу, балағаттау, былапыттау, сыбау, тілдеу ♦She fell over and swore loudly. – Ол құлап түсіп, қатты боқтанды. ♦I don't like to hear children swearing. – Балалардың былапыт сөйлегенін жақтырмаймын. ♦He heard her swear under her breath. – Ол оның деміге боқтанғанын естіді. 2.ант ету/ ішу/ беру, серт ету/ беру, бұзылмас уәде беру/ ету (syn: vow) ♦∼ smth He swore revenge on the man who had killed his father. – Әкесін өлтірген адамнан кек алуға ол ант етті. ♦∼ (that)… I solemnly swear (that) it will never happen again. – Ант-су ішейін, бұл енді қайталанбайды. ♦∼ to do smth She made him swear not to tell anyone. – Ол оның ешкімге айтпаймын деген уәдесін алды. ∼ (that)… ♦(ауысп мағ) She swore (that) she’d never seen him before. – Ол оны бұрын көрген жоқпын деп ант-су ішті (деп нығарлай айтты). ♦(ауысп мағ) I could have sworn I heard the phone ring. – Ант етейін, телефонның шырылын естідім. ♦(ауысп мағ) ∼ to smb/on smth (that)… I swear to God I had nothing to do with it. – Құдай куә, бұған еш қатысым жоқ. ♦∼ on smth Witnesses were required to swear on the Bible. – Куәлердің библиямен/ інжілмен ант етуі керек болды. ♦∼ to do smth Remember, you have sworn to tell the truth. – Есің(із)де болсын, сен/ сіз шындықты айтамын деп ант еттің(із). ♦∼ smth Barons had to swear an oath of allegiance to the king. – Барондар корольге (адалмыз деп) ант етуге тиіс болды. ♦I swear by Almighty God to tell the truth. – Жаратқан иеміздің атымен шындықты айтуға ант етемін. ♦They refused to swear allegiance to the new ruler. – Олар жаңа әміршіге ант беруден бас тартты. ♦∼ smb to secrecy/silence Everyone was sworn to secrecy about what had happened. – Әркім болған жайтты ешкімге айтпаймыз деп ант берді. 3. (idm) *swear blind (informal) рас/ шын айтамын деп ант-су ішу/ қиылу ♦He swore blind that he’d already paid back the money he owed me. – Ол қарыз ақшасын қайтарғанмын деп ант-су ішті. *swear like a trooper (old-fashioned, BrE) «солдатша боқтану», ылғи боқтана сөйлеу 4. (phr v) *swear by smb/smth a) біреудің атымен/ бірнәрсемен ант ету ♦I swear by almighty God that I will tell the truth. – Құдай куә, шындықты айтамын. b) бірн-ң жақсы я пайдалы екеніне сенімді болу ♦She swears by meditation as a way of relieving stress. – Ол стрестен арылу үшін медитацияға сүйенеді. *swear smb in | swear smb into smth (жаңа басшыға, тб) ант бергізу ♦He was sworn in as president. – Ол ант етіп, президенттікке кірісті. ♦The new prime minister was sworn into office. – Жаңа премьер-министр ант беріп, қызметіне кірісті. *swear off smth (informal) бірнәрсені енді істемеймін деп уәде ету/ ант ету ♦I decided to swear off burgers forever. – Енді(гәрі) бургер жемеймін деп (өзіме) уәде еттім. ♦He has sworn off drinking, drugs and clubs. – Ол ішуді, есірткіні және клубтарды тастаймын деп уәде етті. *swear to smth (informal) нағыз шын/рас деп айту ♦I think I put the keys back in the drawer, but I couldn't swear to it. – Кілттерді кері тартпаға салған сияқтымын. Нақты білмеймін.