swerve [swɜːv] v, n (көлік ж) ауытқу, жалтарып кету, жалтара бұрылу, кілт/ шалт/ күрт/ кенет бұрылу, толқып/ тайқып кету ♦She swerved sharply to avoid a cyclist. – Велосипедшіні қақпас үшін ол машинасын кілт бұрды./ Қақпас үшін ол велосипедшіден (машинасымен) жалтарып кетті. ♦The bus suddenly swerved into his path. – Автобус кенет оның жолына ауытқи шықты. ♦The ball swerved into the net. – Доп бұратылып/ толқып барып торға түсті. ♦The bus made a sudden swerve to the left. – Автобус солға кілт бұрылды/ ауытқыды.