switch [swɪtʃ] A.v 1.өзгер(т)у, алмас(тыр)у, ауыс(тыр)у ♦∼ (over) from smth to smth He switched over from acting to journalism. – Ол актерліктен журнализмге ауысты. ♦∼ between A and B Press these two keys to switch between documents on screen. – Экрандағы документтерді алмастыру үшін осы екі клавишке бас. ♦∼ smth (over) to smth The meeting has been switched to next week. – Жиналыс келесі аптаға жылжыды. ♦∼ smth (over) to smth It takes a few days to switch your account over from another bank. – Счетіңізді басқа банктен ауыстыруға бірнеше күн кетеді. 2. (өзара, бір-бірімен, бірін-бірі) алмас(тыр)у, ауыс(тыр)у (syn: swap) ♦∼ smth The dates of the last two exams have been switched. – Соңғы екі емтиханның күндерін өзара (бір-бірімен) ауыстырды. ♦∼ smth over/around/round I see you've switched the furniture around. – Мебельдердің орнын ауыстырғаныңды көріп тұрмын. ♦We asked them if they would switch places with us. – Олардан өзара орын ауыстырсақ бола(ды) ма деп сұрадық. ♦∼ (with smb) I can't work next weekend - will you switch with me? – Алдағы апта соңында жұмыс істей алмаймын – орныма шыға аласың ба? ♦∼ smth (with smb) Have you been able to switch your shift with anyone? – Ауысымыңа/ Сменаңа шығатын адам таба алдың ба? ♦∼ (smth) (over/around/round) Can we switch our shifts around? – Ауысымдарымызбен/ Сменаларымызбен (өзара) алмассақ бола ма? 3. (phr v) *switch off (informal) ойы/ көңлі басқа жаққа ауып кету, ойын/ көңілін доғару ♦When I hear the word ‘football’ I switch off. – Футболға мүлде қызықпаймын. ♦The only time he really switches off is when we're on vacation. – Демалыс кезінде ғана ол жұмысын ұмытады. *switch off/on | switch smth off/on (жарықты, аппаратты, тб) қосу/ сөндіру, қосу/ өшіру ♦Please switch the lights off as you leave. – Кетеріңде жарықты сөндір(іңіз)ші. ♦How do you switch this thing on? – Мынаны қалай қосасың? ♦The electricity has been switched off. – Жарық өшті. *switch over | switch smth over (BrE) радионың/ телевизордың арнасын ауыстыру B.n 1. (жарықты, жабдықты) қосқыш (тетік, түйме, кнопка) ♦a light switch – жарық/ шам қосқыш ♦an on-off switch – қосқыш 2.өзгеріс, өзгеру, ауысу, ойысу ♦a policy switch – саясаттың өзгеруі ♦∼ in/of smth a switch of priorities – приоритеттердің/ басымдықтардың өзгеруі ♦∼ from A to B She made the switch from full-time to part-time work when her first child was born. – Алғашқы сәбиі дүниеге келгенде ол толық жұмыс уақытынан бөлік жұмыс уақытына ауысты. 3. (also points) темір жол рельстерінің бағытын ауыстырғыш (железнодорожный переключатель) 4.шыбық 5. (idm) *asleep at the switch (NAmE) (also asleep on the job, asleep at the wheel) ісіне, тб мән бермеген, «қалғыған» ♦They were asleep on the job as the financial crisis deepened. – Қаржы дағдарысы өрістегенде олар «ұйықтап қалған».