tab

tab [tæb] A.n 1.қағазша, (титтей) қағаз, белгі (қағаз), ен, таңба (қағаз), (бірн-ні) көрсеткіш, «тілше», «ұш» (бірн-ң), «шет» (бірн-ң) (бірн-ң шетінен қылтиып шығып тұрған тілдей қағаз/ мата/ темір, тб) (этикетка, вкладка, закладка, бирка, метка, ярлык, петлица, петелька) ♦an index tab labeled ‘Expenses’ – «Шығындар» деп жазылған белгі/ таңба 2. (computing) қосымша бет/ документ ♦You can easily switch between tabs. – Беттен бетке оңай ойысуға болады. 3. (also  stop) (tab key-ді/ клавишті басқан кездегі курсордың тоқтаған тұсы) табуляция позициясы (позиция табуляции) 4. = pull tab, ring pull 5.счет, шот (ресторанда, тб төлейтін ақша жазылған қағаз) ♦a bar tab – бар счеты The tab for the meeting could be $3 000. – Жиналыс құны $3 000 болуы мүмкін. Who is going to pick up the tab for the legal expenses? – Заңгерге/Юристке төлейтін шығындарды кім көтереді? He walked out of the restaurant and left me to pick up the tab for the whole meal. – Ол рестораннан кетіп қалды да, бүткіл астың счетын маған қалдырып кетті. 6. (informal) таблетка (есірткінің, наркотиктің) ♦a tab of Ecstasy – бір таблетка экстази 7. = tablature 8. (idm) *keep (close) tabs on smb/smth ​(informal) бақылау, аңду, қадағалау ♦It's not always possible to keep tabs on everyone's movements. – Әркімнің қозғалысын ылғи да бақылау мүмкін емес. *pick up the bill, tab, etc. (for smth) [қ-з: pick (А5)] B.v 1. ∼ smb (as) smth (especially NAmE) біреу бірн-ге лайықты деу ♦He has been tabbed by many people as a future champion. – Оны көп адам келешек чемпион дейді. 2. ∼ smth (клавиатурада) tab key қолдану/ басу