tag

tag [tæɡ] A.n 1. таңба (қағаз, пластик), белгі (қағаз, пластик), ен, қағазша, (титтей) қағаз, этикетка ♦He put name tags on all his shirts. – (Ол өзінің) барлық жейдесін өз атымен таңбалады. a gift tag – сыйлыққа таңылған таңба 2. (адамға, аңға не затқа таңылатын) электрон(ды) таңба ♦The police use electronic tags to monitor the whereabouts of young offenders on probation. – Полиция сынақ мерзіміндегі жас қылмыскерлерді бақылау үшін оларға электрон таңба тағады. 3.лақап ат, (жұрт таңған) атау ♦They are finally ready to drop the tag ‘the new Beatles’. – Олар ақыры «жаңа Битлз» лақабынан арылуға әзір. The president made several jokes in an attempt to shake off his ‘humourless’ tag. – «Күлмесхан» атауынан арылмақ болып президент бірнеше әзіл айтты. 4.ғибрат, нақыл сөз, цитата, сөзден үзінді (нақыл сөз я біреуден алынған сөз) ♦the Latin tag ‘Si vis pacem, para bellum.’ (= if you want peace, prepare for war) – латынша нақыл сөз: «Бейбітшілік керек болса, соғысқа дайындал» 5. = tig 6. (граффити түрінде салынған) белгі, таңба, символ B.v 1. ∼ smth/smb таңба/ белгі тағу/ таңу ♦Each animal was tagged with a number for identification. – Әр аңға нөмірлі таңба тағылған. The containers were tagged with colour-coded labels. – Контейнерлерге түрлі-түсті этикеткалар тағылған. 2. ∼ smb/smth (адамға, аңға не затқа) электрон(ды) таңба тағу ♦Persistent young offenders will be electronically tagged in a scheme to cut youth crime. – Жастардың қылмысын азайту үшін жас бұзықтарға (бұзық жеткіншектерге) электрон таңба тағады. 3. ∼ smb/smth as smth ат тағу/ таңу, атау (syn: label) 4. ∼ smth (граффити түрінде) белгі/ таңба/ символ салу ♦Graffiti artists started tagging and painting entire subway trains. – Граффити салушылар бүткіл метро пойыздарына сурет сала бастады. 5. (phr v) *​ tag along (behind/with smb) шақырылмаса да, біреуге ілесіп бару ♦Do you mind if I tag along with you tonight? – Бүгін кешке саған ілессем бола ма? *tag smth on | tag smth onto smth (бірн-ң соңына) қосу, тіркеу, таңу, қыстыру ♦An apology was tagged onto the end of the letter. – Хат соңында ғафу өтініпті.