tail [teɪl] A.n 1.құйрық (хайуанның) ♦The dog ran up, wagging its tail. – Ит құйрығын бұлғаңдата жүгіріп келді. ♦My dog loves to chase his tail. – Итім құйрығымен ойнағанды жақсы көреді. ♦The male has beautiful tail feathers. – Қораздың құйрық қанаты әдемі. ♦It was black from its nose to the tip of its tail. – Тұмсығынан құйрығының ұшына дейін қара еді. 2. -tailed (пәлен) құйрықты ♦a white-tailed eagle – ақ құйрық(ты) бүркіт 3.құйрық (самолеттің) ♦The plane's tail section had broken off. – Ұшақтың құйрығы сынып түскен. 4. ∼ (of smth) құйрық, арт жақ ♦the tail of a kite – батпырауықтың құйрығы ♦the truck at the tail of our convoy – конвойдың арт жағындағы жүк машинасы 5. ∼s (informal) (also tailcoat) фрак (артқы етегі ұзын әрі айрық ерлер киімі) ♦The men all wore top hat and tails. – Ерлердің бәрі шляпа мен фрак киіпті. 6. ∼s шік (монетаның адам басы жоқ жағы, орысша: орёл) 7. (informal) (біреуді) аңдушы, тыңшы, «құйрық» ♦The police have put a tail on him. – Полиция оны біреуге аңдытып қойды./ Полиция оның артына біреуді салып қойды. 8. (idm) *can’t make head nor/or tail of smth [қ-з: head (А21)] *chase your (own) tail (informal) «өз құйрығымен ойнау», өнімсіз тірлікпен айналысу *heads or tails? [қ-з: head (А21)] *nose to tail [қ-з: nose (А7)] *on smb’s tail (informal) машинамен біреудің артынан жүріп отыру ♦There’s been a white van sitting on my tail for the past ten miles. – Кейінгі он мильде бір ақ микроавтобус артымнан жүріп отырды. *a sting in the tail [қ-з: (В6)] *the tail (is) wagging the dog «иттің құйрығы иттің өзін бұлғайды», маңызды нәрсеге маңызсыз нәрсенің әсер етуі *turn tail (қорқып) қашып кету, табанын жалтырату ♦When they heard the sirens, they turned tail and ran. – Сирена дыбысын естігенде, олар табанын жалтыратты. *with your tail between your legs (informal) «құйрығын бұтына тыққан», (жеңіліп, таяқ жеп, тб) итиген, сүмірейген B.v 1. ∼ smb (біреуді) аңду, соңына түсу (syn: shadow) ♦A private detective had been tailing them for several weeks. – Жеке детектив/ із кесуші оларды бірнеше апта бойы аңдып жүрді. ♦They decided to let him go and then tail him. – Олар оны жіберіп, аңдымақ болды. 2. (idm) *top and tail smth (BrE) жемістің үсті мен астын кесіп әзірлеу 3. (phr v) *tail away/off (especially BrE) кішірею, азаю; әлсіреу; бәсеңдеу ♦The number of tourists tails off in October. – Туристердің саны қазанда азаяды. ♦But why…?’ Her voice tailed away. – «Неге?», деп оның даусы бәсеңдеді. *tail back (көлік қозғалысы ж) шұбыру, шұбатылу, созылу ♦Traffic tailed back five miles from the scene of the accident. – Оқиға орнынан көлік нөпірі бес мильге созылды.