tale [teɪl] n 1. (шытырман оқиғаға толы) әңгіме, хикая ♦a morality tale – ар-ождан/ мораль әңгімесі ♦Dickens’ ‘A Tale of Two Cities’ – Диккенстің «Екі қаланың хикаясы» романы 2. ∼ (of smth) (ауызша) әңгіме ♦I love listening to his tales of life at sea. – Оның теңіз жайлы айтқан әңгімелерін өте ұнатамын. ♦I've heard tales of people seeing ghosts in that house. – Әлгі үйде елестер/ әруақтар көрдік дегенді талай адамнан естідім. 3. (idm) *live, etc. to tell the tale аман/ тірі қалып, (оны) басқаларға әңгімелеу/ айту *an old wives’ tale [қ-з: old (9)] *tell a different story/tale [қ-з: story (8)] *tell its own tale/story [қ-з: story (8)] *tell tales (about smth/on smb) біреуді сыртынан жамандау