target [ˈtɑːɡɪt] A.n 1.мақсат, мұрат, меже, жоспар, тілек, тілеу, нысана ♦to meet/hit a target – мақсатқа жету ♦The firm is on track to achieve its growth target for the year. – Фирма өзінің биылға қойған өсім көрсеткішіне/ межесіне жететін сыңайлы. ♦The university will reach its target of 5 000 students next September. – Университет келесі қыркүйекте бес мың студент оқыту межесіне жетеді. ♦The department has missed its sales target for the third month running. – Бөлім үш ай қатарынан өзінің сату жоспарын орындай алмады. ♦Set yourself targets that you can reasonably hope to achieve. – Өзіңе/ Алдыңа шамаң жететін мақсат қой. ♦on ∼ The new sports complex is on target to open in June. – Жаңа спорт үй-жайы маусым айында ашылмақ. ♦off ∼ These figures are way off target. – Бұл сандар/ көрсеткіштер жоспарға/ межеге бірталай жетпейді. ♦a target date of April 2022 – межелі күн - 2022 жылдың сәуірі ♦a target audience/market – көзделген адамдар/ рынок ♦The film's target demographic is women aged 18–49 years. – Фильм 18-49 жас аралығындағы әйелдерге арналған. ♦We're using social media to communicate with our target customers. – Көздеген клиенттерімізбен байланысу үшін әлеуметтік медианы пайдаланамыз. 2.нысана, объект ♦They attacked military and civilian targets. – Олар әскери және бейбіт нысаналарға/ объектілерге шабуылдады. ♦∼ for smb/smth Doors and windows are an easy target for burglars. – Есік-терезелер - ұрылар үшін оңай нысана. ♦It's a prime target for terrorist attacks. – Бұл - террористер үшін басты нысана. ♦∼ of smth (figurative) He's become the target of a lot of criticism recently. – Жуырда оны көп сынады/ оған көп шүйлікті. 3. (мылтық, садақ, тб атқанда көздейтін) нысана (мишень, цель) ♦to aim at a target – нысананы көздеу ♦to hit/miss the target – нысанадан қисық/ мүлт кету, нысанаға тигізбеу ♦target practice – (нысананы) атып жаттығу B.v көздеу, нысанаға алу, оқталу, бағыттау, тиісу, шүйлігу ♦∼ smb/smth He accused the group of deliberately targeting civilians. – Топты ол бейбіт тұрғындарды әдейі көздеді деп айыптады. ♦∼ smth at smb/smth The criticism was targeted chiefly at the managing director. – Сын негізі(нен) басқарушы директорға бағытталды. ♦The missiles were mainly targeted at the United States. – Ракеталар негізі Құрама Штаттарды көздеді/ -ға бағытталды. ♦(ауысп мағ) ∼ smb/smth Film-makers are increasingly targeting international markets. – Фильм шығарушылар халықаралық рынокқа бет бұра түсуде. ♦(ауысп мағ) ∼ smth at/on smb The campaign is specifically targeted at children. – Бұл науқан/ кампания арнайы балаларды көздейді/ -ға арналған. ♦(ауысп мағ) ∼ smth for smth This hospital has been targeted for additional funding. – Осы емханаға қосымша қаржы тарту көзделген.