taunt [tɔːnt] A.v ∼ smb ызаландырмақ/ ашуландырмақ болу, ызаландыру, ашыландыру, келекелеу, мазақтау, сөзбен тиісу ♦The other kids continually taunted him about his size. – Басқа балалар оның денесінің көлемін айтып қоймай келекеледі/ мазақтады. B.n намысқа тиетін/ кемсітетін сөз, мазақ/ келеке сөз ♦Black players often had to endure racist taunts. – Қара ойыншылар көбінесе расистік кемсітулерді басынан кешіретін. ♦She ignored his taunt. – Ол оның мазағын елемеді.