tax [tæks] A.n салық, салым (налог) ♦to pay your taxes – салық төлеу ♦to raise/cut taxes – салықты өсіру/ кесу (азайту) ♦∼ on smth a 20% tax on income – кіріске 20% салық (салу) ♦in ∼ to pay over £1 000 in tax - £1 000-тан аса салық төлеу ♦before/after ∼ profits before/after tax – салыққа дейінгі/ -тан кейінгі табыс/ пайда/ түсім ¨tax increases/cuts – салықтың өсуі/ азаюы ♦an increase in tax rates – салық мөлшерінің өсуі ♦property tax revenue – үй-жай салығы түсімі (жылжымайтын мүлікке салған салықтан түскен ақша) B.v 1.салық салу, салық төлету (облагать налогом) ♦∼ smb/smth His declared aim was to tax the rich. – Ол байларға салықты ұлғайтамын деп мәлімдеді. ♦Cigarettes are heavily taxed by the government. – Темекіге үкімет көп салық салады. ♦Luxury goods are taxed at a rate of 20%. – Қымбат заттарға 20% салық сал(ын)ады. 2. ∼ smth (BrE) көлік үшін жол салығын төлеу ♦The car is taxed until July. – Бұл машина үшін жол салығы шілдеге дейін төленген. 3. ∼ smb/smth күшті не ойды қажет ету ♦The questions did not tax me. – Бұл сұрақтарға қиналған жоқпын. 4. (phr v) *tax smb with smth (formal) біреуді айыптау/ кінәлау ♦I taxed him with avoiding his responsibility as a parent. – Оны ата-ана міндетінен қашып жүр деп айыптадым.