teach [tiːtʃ] v (pt, pp taught [tɔːt]) 1. (мектепте, тб) оқыту, сабақ беру ♦She teaches at our local school. – Ол жергілікті мектепте сабақ береді. ♦I'll be teaching history and sociology next term. – Келесі семестрде тарих пен социологиядан оқытамын/ сабақ беремін/ беретін боламын. ♦to teach yoga classes – йогадан сабақ беру, йоганы үйрету ♦(NAmE) to teach school – мектепте сабақ беру/ оқыту ♦He teaches them English. – Ол оларға ағылшыннан сабақ береді. ♦Schools should teach children about healthy eating. – Мектептер балаларды дұрыстап тамақтануға оқытуы керек. 2.үйрету ♦∼ smb to do smth Could you teach me to do that? – Мені соған/ соны істеуге үйретесің(із) бе? ♦I'm trying to teach my daughter to behave. – Қызымды тәртіпке/ тәртіпті болуға үйретуге тырысудамын. ♦∼ smb how, what, etc… My father taught me how to ride a bike. – Әкем маған велик айдауды үйретті. 3. (informal) сабақ болу, сауап болу, қатесінен үйрену ♦∼ smb to do smth Lost all your money? That'll teach you to gamble. – Бар ақшаңнан айырылдың ба? Ал, енді құмар ойна. ♦I'll teach you to call me a liar! – Мені суайт дегенің үшін саған көрсетемін! ♦∼ smb smth The accident taught me a lesson I'll never forget. – Бұл оқиғадан өмір бойы ұмытпас/ ұмытпайтын сабақ алдым. 4. (idm) *teach your grandmother to suck eggs [қ-з: suck (А3)] *(you can’t) teach an old dog new tricks [қ-з: old (9)] *teach to the test емтиханнан/ сынақтан өтетіндей ғана үйрету/ оқыту