tear 1 [teə(r)] A.v (pt tore [tɔː(r)], pp torn [tɔːn]) 1.жырт(ыл)у, жыр(ыл)у (syn: rip) ♦∼ smth I tore my jeans on the fence. – Джинсымды шарбаққа жырып алдым. ♦I tore a hole in my jeans. – Джинсым жыртылып тесілді. ♦He tore the letter in two. – Ол хатты екіге бөле жыртып тастады. ♦I tore the picture into pieces. – Суретті жыртып-жыртып тастадым. ♦The letter had been torn to shreds. – Хатты ұсақтап жыртып-жыртып тастаған. ♦Careful - the fabric tears very easily. – Байқа(ңыз) – бұл мата тез жыртылады. ♦∼ smth I tore the package open. – Пакетті жыртып аштым. ♦The blast tore a hole in the wall. – Жарылыс қабырғаны ойып жіберді. 2. ∼ smth (syn: rip) жұлып/ жұлқып алу, жұла/ жұлқи шешу/ тарту ♦The storm nearly tore the roof off. – Дауыл шатырды жұлып әкете жаздады. ♦I tore another sheet from the pad. – Пәдтен (қағазшалардан) тағы бір парақ жұлып алдым. ♦He tore his clothes off and dived into the lake. – Ол киімдерін сыпыра шешті де көлге сүңгіп жіберді. 3.жұлқына/ жұлқи босану/ шығу/ ажырау/ қашу ♦∼ yourself/smb from smb/smth She tore herself from his grasp. – Ол оның құшағынан жұлқына босанды/ өзін жұлқи босатты. ♦∼ yourself/smb He tore himself free. – Ол жұлқына босанды/ өзін жұлқи босатты. 4. ∼ smth бұлшық етті/ сіңірді созу (сөйтіп зақымдау) ♦a torn ligament/muscle – сіңірін/ бұлшық етін созу ♦She's torn a ligament in her right hand. – Ол оң қолының сіңірін созып алыпты. ♦She tore a calf muscle playing squash. – Ол скуош ойнап жүріп, балтыр етін созып алған. 5.зу ете қозғалу, зыту ♦He tore off down the street. – Ол көшемен төмен қарай заулады. ♦A truck tore past the gates. – Жүк мәшинесі қақпадан зу ете қалды. 6.зардап шеккен, діңкелеген ♦to bring peace to a strife-torn country – араздық сорлатқан елге тыныштық әкелу ♦a strike-torn industry – ереуіл тұралатқан индустрия/ өнеркәсіп 7. (idm) *be torn (between A and B) екі арада қалу, екі нәрсенің/ адамның қайсысын таңдарын білмей әбігерлену; қайсысын істерін білмей қиналу ♦I was torn between my parents and my friend. – Ата-анам мен досымның арасында қалдым. *pick/pull/tear smb/smth to pieces/shreds [қ-з: pick (A5)] *tear smb/smth apart, to shreds, to bits, etc. (also tear smb up) талқандай/ ойсырата жеңу; түгін қалдырмай сынау/ ұрсу ♦We tore the other team apart in the second half. – Ана команданы екінші кезеңде тас-талқан еттік. ♦The critics tore his last movie to shreds. – Сыншылар оның кейінгі фильмін оңдырмай сынады. *tear at your heart | tear your heart out (formal) «жүрегін жырту», «жүрегі езілу», сезімге қатты әсер ету *tear your hair (out) (informal) «(өз) шашын жұлу», долдану, ызалану *tear/rip the heart out of smth [қ-з: heart (8)] *(be in) a tearing hurry/rush (especially BrE) қатты асығу, өте асығулы болу *tear/rip smb limb from limb [қ-з: limb (4)] *tear smb off a strip | tear a strip off smb [қ-з: strip (А7)] *that’s torn it (BrE, informal) бірнәрсе жоспарды/ істі бұзды/ құртты 8. (phr v) *tear smb apart/up (syn: rip smb apart) өзін-өзі іштей жұлмалау, күйзелу ♦It tears me apart to think I might have hurt her feelings. – Оны ренжіттім бе деген ой мені іштей жейді. ♦His distress tore me up inside. – Оның торыққанын көріп, қатты қиналдым. *tear smth apart a) парша-парша ету, бұзу, жою ♦The dogs tore the fox apart. – Иттер түлкінің дал-далын/ парша-паршасын шығарды. ♦(ауысп мағ) Racial strife is tearing our country apart. – Расистік/ Нәсілшілдік егес елді тұралатуда. b) тінту, тіміскілеу, ақтарып қарау/ іздеу (syn: rip smth apart) ♦They tore the room apart, looking for money. – Олар ақша іздеп бөлменің астаң-кестеңін шығарды/ астаң-кестең етті. *tear at smth жұлу, жұлмалау ♦He tore at the meat with his bare hands. – Ол етті жалаң қолдарымен жұлмалады. *tear yourself away (from smth) | tear smth away (from smth) ажырау, айыру, қою, тсс ♦Dinner's ready, if you can tear yourself away from the TV. – Тамақ әзір, егер телевизордан ажырай алсаң. ♦She was unable to tear her eyes away from him. – Ол (қыз) одан (жігіттен) көзін айыра алмады. *tear into smb/smth біреуге тиісу/ -ді ұру/ -ді ұрсу/ сынау, дүрсе қоя беру ♦The wind tore into him. – Жел оны әбігерге салды. ♦She tore into him with claims of failure and lies. – Ол оған ісің сүрінді, өтірік айттың деп дүрсе қоя берді. ♦(ауысп мағ) They tore into their food as if they were starving. – Олар бейне бір/ құдды бір аштай, астарын қылғыта бастады. *tear smb up (also tear smb/smth apart, to shreds, to bits, etc.) талқандай жеңу; күл-талқан ету; оңдырмай ұрсу/ сынау *tear smth up (syn: rip smth up) жыртып-жыртып тастау ♦She tore up all the letters he had sent her. – Ол (қыз) ол (жігіт) жіберген хаттардың бәрін жыртып(-жыртып) тастады. ♦(figurative) He accused the leader of tearing up the party's manifesto. – Ол партия жетекшісін партия программасын аяқ асты етті деп айыптады. B.n 1.жыртық, жыртылған тұс/ жер, ойық ♦This sheet has a tear in it. – Мына нәрседе ойық бар. 2. (idm) *be on a tear (informal) өте табысты болып жату ♦Business confidence has soared and the economy is on a tear. – Бизнес серпіліп, экономика өрлей бастады. *wear and tear пайдаланып тозу ♦The insurance policy does not cover damage caused by normal wear and tear. – Сақтандыру (страховка) қалыпты пайдаланып, тозып бүлінген нәрселерді жаппайды.
tear 2 [teə(r)] A.v 1. (US) көзі жасаурау, көзден жас ағу ♦Why does cutting up onions make my eyes tear? – Пияз турасам неге көзімнен жас ағады екен? 2. (idm) *tear up көзі жасаурау, көзден жас ағу ♦As she waved her mother goodbye, she found herself tearing up. – Анасымен қоштаса қол бұлғағанда көзіне еріксіз жас келді. B.n 1. (жылағандағы) көз жасы, көзден аққан жас ♦A tear rolled down his face. – Бетінен бір тамшы жас тамып түсті. ♦I shed a tear during the final episode of the show. – Шоудың соңғы эпизодында жылап алдым. ♦in ∼s She left the room in tears. – Ол бөлмеден жылап шығып кетті. ♦He suddenly burst into tears. – Ол кенет жылап жіберді. ♦∼s of smth He was crying tears of joy. – Ол қуаныштан өксіп жатты. ♦Desperately she fought back the tears. – Ол көз жасын тыймақ болып арпалысты. ♦The tears welled up in his eyes. – Көзіне жас толып аға бастады. 2. (idm) *blood, sweat and tears [қ-з: sweat (А4)] *bored stiff/silly | bored to death/tears | bored out of your mind [қ-з: silly (А4) ] *crocodile tears [қ-з: crocodile (3)] *end in tears (BrE, informal) «соңы жылаумен біту», жаман аяқталу/ біту ♦He warned us it would all end in tears. – Ол бұның арты жақсы болмайды деп бізге ескертті.