tell [tel] v (pt, pp told [təʊld]) 1.айту, деу ♦∼ smth to smb He told the news to everybody he saw. – Ол жаңалықты/ хабарды көрген адамдардың бәріне айтты. ♦Did she tell you her name? – Ол саған атын/ есімін айтты ма? ♦What did I tell you? – Саған айтып едім ғой. ♦‘Come closer,’ she said, ‘I want to tell you something’. – «Жақын келші», деді ол, «Саған бірнәрсе айтқым келеді». ♦∼ smb about smth Why wasn't I told about the accident? – Маған (бұл) оқиға жайлы неге айтпаған? ♦∼ smb/yourself (that)… They’ve told us (that) they’re not coming. – Олар бізге келмейтінін айтты. ♦I told him straight that I wasn't voting for him. – Ол үшін дауыс бермейтінімді оған тіке/ тура айттым. ♦I kept telling myself (that) everything was OK. – Өзіме бәрі дұрыс деп айтумен болдым. ♦∼ smth to tell stories/jokes/lies – әңгіме/ қалжың/ өтірік айту ♦Are you sure you're telling the truth? – Расымен де шын айтып тұрсың ба?/ Шынымен де рас айтып тұрсың ба? ♦∼ smb/yourself to do smth He was told to sit down and wait. – Оған отырып, күт(іңіз) деді. ♦There was a sign telling motorists to slow down. – Онда көлік жүргізушілері ақырын айдасын деген белгі болды. ♦I kept telling myself to keep calm. – Өзіме сабыр (сақта) деп айтумен болдым. ♦I specifically told you to be here on time. – Саған осында уақтында бол деп әдейі айтып едім ғой. 2. (жазу, құрал, жабдық, тб ж) білдіру, көрсету, мәлімет беру, аңғарту ♦∼ smb smth The advertisement told us very little about the product. – Жарнама (реклама) өнім жайлы аз айтады/ мәлімет береді. ♦∼ smb how, where, etc… This gauge tells you how much fuel you have left. – Мына өлшеуіш (датчик) қанша жанармай қалғанын көрсетеді. ♦∼ smb (that)… The sound of his breathing told her (that) he was asleep. – Оның (еркектің) демінің дыбысынан ол (әйел) оның ұйықтап жатқанын білді. 3. (informal) (құпиясын, сырын) айту ♦Promise you won't tell. – Бұны ешкімге айтпауға/ айтпаймын деп уәде ет. ♦‘Who are you going out with tonight?’ ‘That would be telling!’ – «Бүгін кешке кіммен жүрмексің?» «Бұл құпия!» 4.пайымдау, топшылау, білу, ұғу, тб ♦I think he's happy. It's hard to tell. – Ол риза шығар. Нақты айту қиын. ♦As far as I can tell, she's enjoying the course. – Білуімше, оған курс ұнайды. ♦‘That's not an original.’ ‘How can you tell?’ – «Бұл оригинал/ түпнұсқа емес». «Қайдан білесің?» ♦∼ (that)… I could tell (that) he was angry from his expression. – Жүзіне қарап, оның ашулы екенін ұқтым. ♦It's too early to tell how popular this service will be. – Бұл қызметтің қаншалықты жұртқа жағатынын әзірге білу қиын. ♦It's impossible to tell exactly where the problem is. – Мәселенің/ Проблеманың неде екенін дәп басып айту қиын/ мүмкін емес. 5.айырмашылығын білу, ажырату, тану, білу ♦∼ smth It was hard to tell the difference between the two versions. – Екі нұсқасының/ вариантының айырмашылығын ажырату қиын болды./ Екі нұсқасын бір-бірінен айыру/ ажырату қиын болды. ♦∼ A from B Can you tell Tom from his twin brother? – Томды егізінен/ сыңарынан ажырата/ айыра аласың ба? ♦Can you tell this copy from the original? – Мына копияны/ көшірмені оригиналынан/ түпнұсқасынан ажырата аласың(ыз) ба? ♦∼ A and B apart It's difficult to tell them apart. – Оларды ажыратып білу қиын. ♦I couldn't tell who was meant to be the chairman. – Қайсысының төраға болатынын ұқпадым. 6. ∼ (on smb) (теріс, кері) әсер ету ♦The strain was beginning to tell on the rescue team. – Құтқару тобын/ Құтқарушы топты ауыртпалық/ қиындық діңкелете/ қинай бастады. 7. (idm) *all told бәрі, барлығы ♦There are 52 people coming, all told. – Барлығы 52 кісі. *don’t tell me (informal) (баяғы сөзіңді, сылтауыңды, тб) маған айтпа ♦Don't tell me you were late again! – Тағы (да) кешіктім деп маған айтпа! *hear tell (of smth) [қ-з: hear (5)] *if (the) truth be known/told шынын/ расын айтса/ айтқанда ♦If the truth be known, I was afraid to tell anyone. – Расын айтса(м), біреу-міреуге (бұны) айтуға қорықтым. *I tell a lie [қ-з: lie (В2)] *I tell you | I can tell you | I’m telling you (informal) рас айтамын, айтқаным айтқан ♦It isn't cheap, I can tell you! – (Бұл) арзан емес, рас айтамын! *I/I’ll tell you what (informal) былай етелік/ істелік *I told you (so) (informal) айтып едім ғой, ескертіп едім ғой *kiss and tell әйгілі біреумен бұрын ойнас/ көңілдес болғанын (ақшаға бола) жұрт көзінше айту *a little bird told me (informal) «бір торғай айтты» (яғни, біреуден естідім) *live, etc. to tell the tale [қ-з: tale (3)] *tell a different story/tale [қ-з: story (8)] *tell me (informal) айтшы маған ♦Tell me, have you had lunch yet? – Айтшы (маған), түстендің бе/ түскі ас іштің бе? *tell me about it (informal) түсінікті, түсінемін *tell me another! (informal) бұл сөзіңе/ айтқаныңа сенбеймін! *tell its own tale/story [қ-з: story (8)] *tell tales (about smth/on smb) [қ-з: tale (3)] *tell smb/know a thing or two (about smb/smth) (informal) біреу/ бірнәрсе жайлы айту/ білу *tell the time (BrE) (NAmE tell time) сағаттың тілін білу ♦She's only five - she hasn't learnt to tell the time yet. – Ол небәрі бесте/ бес жаста – сағатты/ сағат тілін әлі білмейді. *tell smb where to get off/where they can get off (BrE, informal) «біреуге қай жерден (көліктен) түсетінін айту», біреудің қылығына енді төзбейтінін білдіру *tell smb where to put/stick smth | tell smb what they can do with smth (informal) [қ-з: stick (А8)] *there’s no telling не болғанын/ болатынын айту қиын/ мүмкін емес ♦There's no telling how they'll react. – Олардың не айтатынын білу қиын. *time (alone) will tell | only time will tell (saying) уақыт көрсетеді, кезінде белгілі болады *to tell (you) the truth (informal) шынан/ расын айтса/ айтқанда ♦To tell the truth, I fell asleep in the middle of her talk. – Шынан айтса(м), оның әңгімесінің жартысында ұйықтап қалыптым. *you can never tell | you never can tell (saying) дөп басып айту қиын, нақты білу қиын *you’re telling me! (informal) сенімен толық келісемін 8. (phr v) *tell against smb (BrE, formal) өзіне кесірі тию, өзін шалу, өзіне қолбайлау болу, өзін қинау ♦Her lack of experience told against her. – Тәжірибесінің аздығы өзіне кесір болды. *tell of smth (formal or literary) білдіру, аңғарту ♦notices telling of the proposed job cuts – жұмыс орындарын қысқарту туралы ұсыныстар жазылған хабарламалар *tell smb off (for smth/for doing smth) (informal) ұрсу, сөгу (syn: scold) ♦I told the boys off for making so much noise. – Балаларға соншама шуылдамаңдар деп ұрсып тастадым. *tell on smb (informal) біреуді сыртынан жамандау, біреудің теріс я қате ісі туралы бастыққа, тб айту ♦Promise not to tell on me! – Мен жайлы айтпауға уәде ет(кін)!