temper [ˈtempə(r)] A.n 1.қызбалық, қызба мінез, қызуқандылық, шытынағыштық, темперамент ♦to have a fiery/hot/violent temper – мінезі оталма/ қызба/ дүлей болу ♦He must learn to control his temper. – Ол мінезін тізгіндей білуі керек. ♦After an hour of waiting, tempers began to fray. – Бір сағат күткен соң, жұрттың ызасы келе бастады. 2.ашу қысқандық, ыза ♦in a ∼ She says awful things when she's in a temper. – Ашуланғанда ол айтпайтын нәрсені айтады. ♦He stormed out of the room in a temper. – Ол ашуланып бөлмеден шықты да кетті. ♦She broke the plates in a fit of temper. – Ашу қысып ол тарелкаларды/ табақтарды сындырып тастады. 3.көңіл-күй (syn: mood) ♦in a … ∼ Come back when you're in a better temper. – Көңіл-күйің дұрысталғанда қайтып кел. ♦to be in a bad/foul temper – көңіл-күйі нашар болу/ құлазып тұру 4. -tempered мінезі пәлендей ♦good-/bad-tempered – мінезі жақсы/ нашар, жақсы/ жаман мінезді ♦a sweet-tempered child – мінезі тәтті сәби 5. (idm) *have a quick/short temper ашушаң болу, тез ашулану *lose/keep your temper (with smb) ашуына ие бола алмай қалу/ ашуын тізгінде ұстау B.v 1. (formal) жұмсарту, басу ♦be ∼ed with smth Justice must be tempered with mercy. – Сот үкімін мейірім жұмсартуы тиіс. ♦be ∼ed by smth The hot sunny days were tempered by a light breeze. – Аптап ыстық күндерді жеңіл самал жұмсартты. ♦His delight was tempered by regret. – Оның қуанышын өкініш басты. 2. (specialist) (темірді қыздырып, сосын суытып) шынықтыру, шыңдау ♦be ∼ The blade is hardened and tempered so that it resists damage. – (Пышақ, тб) жүзі шыныққан, сондықтан төзімді. ♦tempered steel – шыныққан болат/ құрыш