template [ˈtempleɪt] n қалып, үлгі, модель, шаблон ♦Pressing the template firmly down on the plastic, cut around it with a knife. – Пластикке қалыпты/ модельді қатты басып тұрып, шетін айнала пышақпен кес(іп шық). ♦If you need to write a lot of similar letters, set up a template on your computer. – (Бір-біріне) ұқсас көп хат жазатын болсаң(ыз), компьютерде үлгі жасап ал(ыңыз). ♦In our DNA we all carry a genetic template for the next generation. – Бәріміздің ДНК-мызда келесі ұрпақ үшін генетикалық қалып/ үлгі бар.