tender [ˈtendə(r)] A.adj (tenderer, tenderest) 1.аялаған, елжіреген, мейірге толы, жұмсақ, жылы, әлпештеген ♦tender words – елжірей сөйлеу ♦What he needs now is a lot of tender loving care. – Оны енді аялап күту керек. 2. (ас, тамақ ж) жұмсақ, балғын (opp: tough) ♦This meat is extremely tender. – Бұл ет – өте жұмсақ. ♦Boil the beans until they are tender. – Бұршақты жұмсарғанша қайнат. ♦four large slices of tender chicken – балғын тауықтың төрт ірі тілімі 3. (дененің бір бөлігі ж) қызарған, талаураған, ісіген, ашыған (opp: sore) ♦My leg is still very tender where I banged it. – Аяғымның ұрып алған жері әлі ісіңкі/ қызарып тұр. ♦The back of my neck feels very tender. – Желкем ашып тұр. 4.нәзік, балғын (syn: delicate) ♦tender young plants – балғын жас өсімдіктер 5. (idm) *at a tender age | at the tender age of… балғын жас, албырт жас, жеткіншек кез ♦He left home at the tender age of 15. – Ол балғын он бес жасында үйінен кетті. B.n 1.тендер; тендерге қатысу, белгілі бір жұмыс істеуге ұсыныс беру (syn: bid) ♦Cleaning services have been put out to tender. – Тазарту қызметін тендерге қойды (яғни, қай компания баға және сапа жағынан ең тиімді ұсыныс берсе, жұмыс соған беріледі). ♦a competitive tender – бәсекелі тендер ♦A local firm submitted the lowest tender. – Жергілікті фирма ең төмен(гі) ұсыныс берді. ♦The bus company is inviting tenders for a number of new buses. – Автобус компаниясы жаңа автобустар сатып алуға тендер жариялады. 2.вагон, цистерна 3. (кемеге қызмет көрсететін) қайық C.v 1. ∼ (for smth) тендерге қатысу, белгілі бір жұмыс істеуге ұсыныс беру ♦Local firms were invited to tender for the building contract. – Құрылыс контарктісі бойынша тендерге жергілікті фирмаларды шақырды. ♦competitive tendering – бәсекелі тендер 2. ∼ smth (to smb) (formal) ұсыну; беру ♦He has tendered his resignation to the prime minister. – Ол премьер-министрге отставкаға кетуге өтініш берді.