tense [tens] A.adj 1. (кісі ж) қобалжыған, уайымдаған, ширыққан ♦He's a very tense person. – Ол ылғи қобалжып тұрады. ♦She sounded tense and angry. – Ол қобалжи ширығып тұрғандай көрінді. 2. (жағдай, оқиға, кезең, тб ж) тағат таппаған, қобалжыған, уайымдаған, ширыққан ♦I spent a tense few weeks waiting for the results of the tests. – Емтихан/ Тест нәтижесін бірнеше апта тағат таппай күттім. ♦The atmosphere in the meeting was getting more and more tense. – Жиналыстағы ахуал бірте-бірте ширыға түсті. 3. (бұлшық ет не дененің басқа мүшесі ж) ширыққан, қатайған, күшенген ♦A massage will relax those tense muscles. – Массаж/ Уқалау ширыққан/ қатайған бұлшық етті босаңсытады. 4. (сым темір, тб ж) керілген, қатты тартылған (syn: taut) B.n (grammar) шақ ♦the past/present/future tense – өткен/ осы/ келер шақ C.v 1.бұлшық етін ширықтыру/ қатайту/ керу/ күшендіру ♦He tensed himself, listening to see if anyone had followed him. – Біреу артынан (аңдып) келе жатыр ма деп ол күшене құлақ түрді. ♦Expecting a blow, she tensed every muscle in her body. – Соққыны күте ол денесін қатайтты. ♦∼ (up) His muscles tensed as he got ready to run. – Жүгіруге әзірлене ол бұлшық еттерін қатайтты/ күшендірді/ ширықтырды. ♦She tensed, hearing the strange noise again. – Біртүрлі дауысты ести ол денесін қатайтты. 2. (idm) *be/get tensed up тағат таппау, қобалжу, ширығу ♦I was so tensed up during the flight. – Ұшқан кезде өте қобалжыдым.