tension [ˈtenʃn] A.n 1.дүрдараздық, қырғи-қабақтық, арақатынастың нашарлығы, (саяси) шиеленіс, егес, ерегес ¨There is mounting tension along the border. – Шекара маңында жағдай ушыға түсуде. ♦international/racial/political tensions – халықаралық/ нәсілшілдік (расистік)/ саяси шиеленіс(тер)/ дүрдараздық/ егес ♦Family tensions and conflicts may lead to violence. – Үй-ішіндегі/ Семьядағы егес пен ұрыс-керіс бұзақылыққа/ зорлыққа ұрындырады. ♦The incident has further increased tension between the two countries. – Оқиға/ Кикілжің екі ел арасындағы дүрдараздықты/ егесті қоздырып жіберді. 2. ∼ (between A and B) алауыздық, (өзара) келіспеушілік, қайшылық ♦There is often a tension between the aims of the company and the wishes of the employees. – Компанияның мақсаттары мен ондағы жұмысшылардың тілеулері арасында қайшылық көп болып жатады. 3.қобалжу, торығу, уайым(дау), ширығу, ширығыс ♦nervous tension – қобалжу ♦We laughed and that helped ease the tension. – Күліп, қобалжуымызды (аздап) бастық. ♦Walking and swimming are excellent for releasing tension. – Жүргенде, жүзгенде жүйке босаңсиды. ♦a tension headache – бастың солқылдап ауруы, бастың сақинасы 4. (фильм көргенде, кітап оқығанда, тб) толқу, қобалжу ♦dramatic tension – дегбірі қашу, тағат таппау ♦As the movie progresses the tension builds. – Фильм барысында адам нешетүрлі күйге түседі. 5.созылу, керілу, құрысу ♦muscular tension – бұлшық еттің созылуы/ құрысуы ♦Adjust the string tension of your tennis racket to suit your style of playing. – Ойын стиліңе қарай теннис ракеткаңның шегінің керілісін икемде. ♦Massage can relieve tension in your shoulders and back. – Массаж/ Уқалау иығың мен арқаңның құрысуын жаза алады. B.v (specialist) ∼ smth (сымтемірді, тб) созу, керу, (желкенді, тб) керу