terminal [ˈtɜːmɪnl] A.n 1. (әуежайдағы) терминал (үлкен үй-жай) ♦A second terminal was opened last year. – Екінші терминалды былтыр ашты. ♦Your flight leaves from Terminal 3. – Рейсіңіз 3-терминалдан ұшады. 2.вокзал, станция, айлақ ♦a railway/bus/ferry terminal – темір жол/ автобус вокзалы/ паром айлағы 3. (computing) терминал (клавиатура, монитор, тб ұсақ-түйек) 4. (specialist) клемма, ұш (электр контурына жалғанатын ұштар) ♦a positive/negative terminal – оң/ теріс клемма B.adj 1. (ауру, дерт ж) ауыр, емделмейтін ♦The illness is usually terminal. – Бұл ауру әдетте емделмейді. ♦(figurative) She's suffering from terminal boredom. – Ол ішқұса болып жүр. 2.ауыр/ емделмейтін науқасқа/ ауруға/ дертке шалдыққан, оңалмайтын (адам) ♦a terminal patient – ауыр науқас ♦(ауысп мағ) The industry is in terminal decline. – Индустрия шөгіп бара жатыр. 3. (formal or specialist) шет(кі), соң(ғы) ♦a terminal branch of a tree – ағаштың шеткі бұтағы ♦terminal examinations – соңғы емтихандар