terms [tɜːmz] n 1. (келісімдегі, тб) шарт(тар), талап ♦peace terms – бейбітшілік (орнату) шарттары They failed to agree on the terms of a settlement. – Олар дауды реттеу шарттары бойынша өзара келісе алмады. These are the terms and conditions of your employment. – Бұл сіздің жұмысқа тұру шарттарыңыз. under the of smth Under the terms of the agreement, their funding of the project will continue until 2025. – Келісім шарттарына сай, жобаны қаржыландыру 2025 жылға дейін жалғасады. ♦∼ for smth We are negotiating terms for the development of the site. – Біз уэб-сайтты жетілдіру шарттарын талқылаудамыз. 2. (сатып алу, тб ж) шарт(тар), талап ♦to buy something on easy terms – бірнәрсені жеңіл шарт бойынша сатып алу (яғни, ұзақ мерзім төлеу) My terms are £20 a lesson. – Шартым/ Талабым – әр сабаққа £20. 3.сөз(дер) ♦We wish to protest in the strongest possible terms. – Өте наразы екенімізді айтқымыз келеді. I'll try to explain in simple terms. – Жай сөзбен ұқтырмақпын. The letter was brief, and couched in very polite terms. – Хат қысқа және өте сыпайы жазылыпты. She spoke of you in glowing terms. – Ол саған бүйрегі бұра сөйледі. 4. (idm) *be on good, friendly, bad, etc. terms (with smb) біреумен арасы/ арақатынасы жақсы болу ♦I had no idea that you and he were on such intimate terms. – Онымен екеуіңнің араңның өте жақсы екенін қайдан білейін. He is still on excellent terms with his ex-wife. – Ол бұрынғы әйелімен әлі өте жақсы. I'm on first-name terms with my boss now. – Бастығыммен бір-біріміздің атымызды атап сөйлесеміз (яғни, бір-бірімізбен өте жақсымыз). *be on speaking terms (with smb) | be speaking (to smb) [қ-з: speak (5)] *come to terms (with smb) (біреумен) келісу, татуласу, ымыраға келу ♦The enemy was eventually forced to come to terms. – Жау ақыры ымыраға келді. *come to terms with smth көну, мойынсұну, төзу, шыдау *a contradiction in terms терминдегі/ атаудағы/ сөздегі/ ұғымдағы қайшылық ♦A ‘nomad settlement’ is a contradiction in terms. – «Көшпенді тұрағы» деген сөзде қайшылық бар. *in no uncertain terms нақты, айқын ♦I told him what I thought of him in no uncertain terms. – Оған өзі туралы пікірімді ашық айттым. *in terms of smth | in… terms бір жақтан (алып қарағанда), бір жағынан ♦The job is great in terms of salary, but it has its disadvantages. – (Бұл) жұмыс жалақы жағынан жақсы, алайда бұның нашар тұстары бар. What does this mean in terms of cost? – Баға жағынан бұл қалай?/ Бұның бағасы қандай? In terms of extra staff - how many will we need? – Қосымша жұмысшылар жөнінде – бізге қанша керек? In practical terms this law may be difficult to enforce. – Практикалық жағынан бұл заңды  орындату қиын болуы мүмкін. The decision was disastrous in political terms. – Саяси жағынан (алғанда), бұл шешім сұмдық болды. *on equal terms (with smb) (біреумен) тең жағдайда/ дәрежеде ♦Can our industry compete on equal terms with its overseas rivals? – Индустриямыз (өз-інің) шетелдік бәсекелестерімен тең дәрежеде жарыса ала(ды) ма? *on your own terms | on smb’s terms (өз, біреудің) талабына/ шарттарына сай, (өзінің, біреудің) айтуы бойынша ♦I'll only take the job on my own terms. – Жұмысқа тек өз шарттарыма сай тұрамын. I'm not doing it on your terms. – Бұны сенің айтқаның бойынша істемеймін.