territory [ˈterətri] n (pl -ries) 1.аумақ, территория, жер (белгілі бір елге тиесілі жер және су айдыны) ♦enemy/disputed/foreign territory – жау аумағы (жері)/ даулы аумақ (жер)/ басқа ел аумағы (жері) ♦occupied territories – басып ал(ын)ған/ оккупацияланған жерлер 2. (адамға, топқа, аң-құсқа, тб тиесілі) аумақ, территория, жер, тұс, өңір, аймақ ♦Blackbirds will defend their territory against intruders. – Қараторғайлар өз аумағын бөтендерден қорғайды. ♦She seems to regard that end of the office as her territory. – Кеңсенің/ Офистің әнеу/ ана шетін ол өзімдікі деп ойлайтын сияқты. ♦Each of these gangs has its own territory. – Бұл қылмыс топтарының әрқайсысының өз аумағы бар. 3.сала, жақ, тұс, тб ♦This type of work is uncharted territory for us. – Бұндай жұмысты бұрын істемегенбіз. ♦Legal problems are Andy's territory. – Заң мәселелерімен Әнди айналысады. 4. (біреу жұмыс істейтін, жауапты, тб) аумақ, аймақ, тұс, жер ♦Our representatives cover a very large territory. – Өкілдеріміз үлкен аумаққа жауапты. 5.аумақ, жер, өңір, аймақ, тұс ♦unexplored territory – зерттелмеген аумақ/ жер 6. (also T∼) аумақ, территория (АҚШ, Австралия не Канаданың қарамағындағы ел не жер, алайда елдің штаты не провинциясы емес) ♦Guam and American Samoa are US territories. - Гуам мен Америка Самоасы – АҚШ территориялары. 7. (idm) *come/go with the territory белгілі бір жұмысқа/ жағдайға тән нәрсе, -та/-да болып тұратын нәрсе ♦She has to work late most days, but in her kind of job that goes with the territory. – Оның жұмыстан кеш қайтатын күндері көп, алайда оның жұмысы сондай. *on neutral territory/ground [қ-з: neutral (А7)]