terror [ˈterə(r)] n 1.шошу, қорқыныш, үрей, зәресі ұшу, зәре-құты қалмау ♦a feeling of sheer/pure terror – нағыз қорқыныш сезімі ♦Her eyes were wild with terror. – Шошып, көзі шарасынан шығып кеткен. ♦in ∼ People fled from the explosion in terror. – Жарылыстан жұрт шошып қашып кетті. ♦He lives in terror of losing his job. – Ол жұмысымнан айырылып қаламын ба деп қорқумен жүреді. ♦These street gangs have become the terror of the neighbourhood. – Көшедегі қылмысты топтар бұл тұсты шошытып бітті. ♦The terrors of the night were past. – Түнгі үрейлер қазір жоқ. ♦(literary) Death holds no terrors for me. – Өлімнен қорықпаймын. ♦(ауысп мағ) Their kids are real little terrors. – Олардың сәбилері - тегі тынымсыз. 2.террор, терроризм (syn: terrorism) ♦a campaign of terror – террор әрекеті ♦terror tactics/groups – террор тактикасы/ террорист топтар ♦The president declared a war on terror. – Президент террорға/ терроризмге қарсы соғыс жариялады.