testify [ˈtestɪfaɪ] v 1. (сотта, тб) куә болу, түсінік беру, жауап беру, болған оқиғаның қалай болғанын айту ♦∼ against smb/smth She refused to testify against her husband. – Ол өз күйеуіне қарсы куә болудан бас тартты. ♦∼ for smb/smth There are several witnesses who will testify for the defence. – Бірнеше куә қорғанушыны жақтап жауап бермек. ♦∼ about smth He was summoned to testify in the court about his role in the affair. – Оны сотта осы мәселеге қатысты өз рөлі жөнінде түсінік беруге шақырды. ♦∼ to smth/to doing smth Evans testified to receiving $200 000 in bribes. – Эванс $200 мың пара алғаны жөнінде (сотта) түсінік берді. ♦∼ (that)… He testified (that) he was at the theatre at the time of the murder. – Ол кісіні өлтірген кезде театрда өзінің болғанын айтты. ♦‘I was approached by a man I did not recognize,’ she testified. – «Маған бір бейтаныс адам жақындады», деп түсінік берді ол. 2. ∼ (that)… (formal) (мән-жайды) көрсету, білдіру, аңғарту, паш ету, куә болу ♦Too many young people are unable to write or spell well, as employers will testify. – Жұмысқа алушылар талай жастың не жаза, не сыза алмайтынын айтады. ♦The empty shops in the high street testify to the depth of the recession. – Бас көшедегі бос дүкендер кризистің/ дағдарыстың тереңдігін аңғартқандай. 3. (especially NAmE) жұрт алдында құдайға сенетінін айту 4. (phr v) *testify to smth (formal) көрсету, растау, айғақтау, куә болу (syn: evidence) ♦The film testifies to the courage of ordinary people during the war. – Фильм жай азаматтардың соғыс кезіндегі ерлігін көрсетеді.