that [ðæt] (pl those [ðəʊz]) A.determiner  1.анау, ана, әнеу ♦Look at that man over there. – Ана жердегі кісіге қара. How much are those apples at the back? – Артта тұрған алмалар қанша тұрады? 2.сол, ол, анау, ана, әнеу ♦I was living with my parents at that time. – О(л) кезде ата-анаммен тұрып жатқанмын. That incident changed their lives. – Сол оқиға олардың өмірін өзгертті. Have you forgotten about that money I lent you last week? – Өткен аптада саған берген ақшаны ұмытып қалдың ба? That dress of hers is too short. – Оның сол/ ана/ әнеу көйлегі тым қысқа. B.pron 1. ана, анау, әнеу ♦Who's that? – Анау кім? That's Peter over there. – Ана жердегі – Питер. ♦(BrE) Hello. Is that Jo? – Алло. Бұл Джо ма? That's a nice dress. – Ана көйлек – әдемі. 2.сол, ол ♦What can I do about that? – Ол жөнінде не істейін? Do you remember when we went to Norway? That was a good trip. – Норвегияға барғанымыз есіңде ме? Ол бір жақсы сапар болды. That's exactly what I think. – Дәп солай ойлаймын. 3. (formal) (адамдар ж) сол(ар), ол(ар) ♦Those present were in favour of change. – Сондағылар өзгеріс қалады. There are those who say she should not have got the job. – Ол о жұмысқа тұрмауы керек еді дейтіндер бар. Salaries are higher here than those in my country. – Менің елімдегідей емес, бұнда жалақы көбірек. 4. [ðət; ðæt] (pl that) ♦Where's the letter that came yesterday? – Кеше келген хат қайда? Who was it that won the US Open? – АҚШ-тың ашық чемпионатын ұтқан кім? The watch (that) you gave me keeps perfect time. – Сен маған берген сағат мінсіз жүреді екен. The people (that) I spoke to were very helpful. – Мен сөйлескен адамдар көп көмектесті. 5. (idm) *and (all) that ​(BrE, informal) және басқа(лар); тағы сол сияқты, тағы басқалар, тағысын тағылар (syn: and so forth) ♦Did you bring the contract and (all) that? – Контрактіні және басқа қағаздарды алып келдің бе? *that is (to say) анықтай, ұқтыра сөйлегенде қолд ♦He's a local government administrator, that is to say a civil servant. – Ол – жергілікті әкімгер (администратор), яғни, мемлекеттік қызметші. You'll find her very helpful - if she's not too busy, that is. – Ол жақсы көмектеседі, қолы бос болса, сөйтеді. *that’s it (informal) a) дұрыс, дәл өзі, дәл сол ♦No, the other one… that’s it. – Жоқ, басқасы... сол. That's it, carry on! – Дәл өзі, алып жүре бер! b) болды, бітті, жарайды, жетеді ♦That's it, the fire's out now. – Болды, от/ өрт енді сөнді. That's it for now, but if I get any news I'll let you know. – Әзірге осы, егер хабар алсам, саған айтамын. A week to go, and that's it! – Бір аптадан соң бітеді. c) болды, жетеді ♦That's it, I've had enough! – Болды, маған жетеді! d) солай ♦So that's it - the fuse had gone. – Солай – қорғағыш (предохранитель) күйіп кетіпті. You don't love me any more, is that it? – Мені енді сүймейсің ғой, солай ма? *that’s that ​(informal) (айттым) бітті, болды, айтқаным айтқан ♦Well I'm not going, and that's that. – Бармаймын, болды. C.conj 1. ♦She said (that) the story was true. – Ол бұл әңгіме/ оқиға рас болған дейді. It’s possible (that) he has not received the letter. – Оның хатты әлі алмауы мүмкін. He seemed pleased (that) I wanted to continue. – Менің жалғастырғым келгеніне ол риза (сияқты) көрінді. The fact (that) he’s older than me is not relevant. – Оның менен жасы үлкен екені - маңызды емес. 2. so… that… сондықтан, сөйтіп ♦She was so tired (that) she couldn’t think straight. – Шаршағаны сонша(ма), ол дұрыс(тап) ойлай алмады. 3. (literary) үмітті, қалауды білдіреді ♦Oh that I could see him again! – Оны тағы бір көрсем ғой! D.adv 1.сонша(ма), соншалықты, сондай, сондайлық ♦I can't walk that far. – Сонша(ма) алысқа жаяу бара алмаймын. If they are that close, they will be here in minutes. – Олар сонша(ма) жақын болса, бұнда бірнеше минутта болады. If only it were it that simple. – Бұл дәл сондай оңай болса ғой. It's about that long. – Бұл соншама/ соншалықты ұзын.I was that scared I didn't know what to do. – Қорыққаным соншама, не істерімді білмей қалдым. 2. not (all) that соншама/ сондай емес, пәлендей ... емес ♦It isn't all that cold. – Сонша(ма) суық емес. It's not quite that easy. – Бұл соншама/ сондай оңай емес. It's not really that different in France. – Францияда соншама өзгеше емес. There aren't that many people here. – Бұнда кісі соншама көп емес.