then [ðen] A.adv 1. (с)ол уақытта/ кезде, (с)онда ♦Life was harder then because neither of us had a job. – О кезде/ уақта тұрмыс қиын еді, ешқайсымыздың жұмысымыз болмады. ♦Things were very different back then. – О кезде жағдай мүлде басқа еді. ♦She grew up in Zimbabwe, or Rhodesia as it then was. – Ол Зимбавведе, немесе бұрынғыша Родезияда, өсті. ♦I saw them at Christmas but haven't heard a thing since then. – Оларды рождествода көргенмін, содан бері олардан хабарым жоқ. ♦I've been invited too, so I'll see you then. – Мені де шақырды, сондықтан сенімен сонда жолығамыз. ♦There's a room free in Bob's house next week but you can stay with us until then. – Бобтың үйінде келесі аптада бір бөлме босайды, бірақ соған дейін бізде болсаң болады. ♦Call again next week. They should have reached a decision by then. – Келесі аптада телефон шал, соған дейін олар шешім шығарар. ♦Just then there was a knock at the door. – Сол уақта біреу есік қақты. ♦She left in 1984 and from then on he lived alone. – Ол (әйел) 1984 жылы кеткен, содан бері ол (еркек) жалғыз тұрды. ♦I took one look at the car and offered to buy it there and then/then and there. – Машинаға бір көз салдым да, сатып алайын дедім/ деп айттым. ♦Her voice sounded raspy, and it was then that she realized how thirsty she was. – (Өз) даусы қарлыға шыққанда, қатты шөлдегенін ұқты. 2.сосын, содан соң, содан кейін ♦He drank a glass of whisky, then another and then another. – Ол бір бокал виски ішті, сосын тағы біреуін, сосын тағы. ♦First cook the onions, then add the mushrooms. – Әуелі/ Алдымен пиязды қуыр, сосын саңырауқұлақ сал. ♦We lived in France and then Italy before coming back to England. – Францияда тұрдық, сосын Англияға оралмас бұрын Италияда тұрдық. ♦I took a week's vacation, then went back to Ohio. – Бір апта демалыс алып, сосын Огайоға қайттым. 3. (егер сондай болса/ өйтсең) (с)онда, (с)о(л) жағдайда ... ♦If you miss that train then you'll have to get a taxi. – Пойыздан қалып қалсаң, (онда) такси алуың керек (болады). ♦‘My wife's got a job in Glasgow.’ ‘I take it you'll be moving, then.’ – «Әйелім Глазгоға жұмысқа тұрды». «Онда сен/ сіз де (сол жаққа) көшетін боларсың(ыз)». ♦‘You haven't done anything to upset me.’ ‘So what's wrong, then?’ – «Мен өкпелейтіндей сен ештеңе істеген жоқсың». «Онда не болып қалды?» ♦Why don't you hire a car? Then you'll be able to visit more of the area. – Машина неге жалға/ арендаға алмайсың? Сонда талай жер аралайсың. 4.және де, оның үстіне, оған қоса, сондай-ақ, содан кейін ♦She's been very busy at work and then there was all that trouble with her son. – Оның қолы жұмыстан босаған жоқ, оның үстіне ұлы бір шатаққа ұрынды. 5. (formal) сөйтіп, осылай, осымен, жалпы ♦These, then, are the main areas of concern. – Бұлар, осымен, толғандыратын басты мәселелер. 6.жә, жақсы, бопты, жақсы онда, жарайды ♦Right then, where do you want the table to go? – Жә, онда, столды қайда қой дейсің. ♦‘I really have to go.’ ‘OK. Bye, then.’ – «Шынымен де кетуім керек». «Жақсы, сау бол онда». ♦OK then, I think we've just about covered everything on the agenda. – Жарайды, күн тәртібіндегі барлық мәселені қамтыдық деп ойлаймын. 7. (idm) *…and then some (informal) одан да көп, тағы басқалар, тағы сол сияқты ♦There are Indian, Chinese, Mexican, Thai restaurants… and then some! – Онда үнді, қытай, мексика, тай және басқа да ресторандар бар! *but then | then again | but then again (informal) алайда, бірақ та, дегенмен ♦She was early, but then again, she always is. – Ол ерте келді, бірақ та ол ылғи да сөйтеді. ♦‘So you might accept their offer?’ ‘Yes, then again I might not.’ – «Сөйтіп, олардың ұсынысын қабыл алсаң болады ғой?» «Иә, бірақ та қабыл алмауым да мүмкін». ♦William didn’t succeed first time, but then very few people do. – Уильям алғашында сүрінді, бірақ көбі сөйтіп жатады ғой. *(every) now and then/again [қ-з: now (А2)] *now then a) (also now, now) [қ-з: now (А2)] b) ал енді, онда, сөйтіп, сонымен ♦Now then, who wants to come for a walk? – Ал енді, кімнің жаяу жүріп қайтқысы келеді? B.adj сол кездегі/ уақтағы ♦That decision was taken by the then president. – Шешімді сол кездегі президент шығарған.