there [ðeə(r)] A.adv 1. [ðeə(r); ðə(r)] ∼ is, are, was, were, etc. бірнәрсенің бар екенін білдіреді ♦There's a restaurant around the corner. – Ана бұрыштан кейін бір ресторан бар. ♦There are two people waiting outside. – Тыста екі кісі күтіп тұр. ♦Has there been an accident? – Онда бір оқиға болды ма? ♦I don't want there to be any misunderstanding. – Ешбір түсініспестіктің болғанын қаламаймын. ♦There seemed to be no doubt about it. – Онда ешбір шүбә болмаған сияқты. ♦In our old town there appeared to be two sorts of people. – Көне кентімізде кісілердің екі түрі/ тұрпаты бар сияқты болды. ♦There remains the problem of finance. – Қаржы мәселесі әлі бар. ♦There used to be a cinema here. – Бұнда бір кинотеатр бар еді. ♦Suddenly there was a loud bang. – Кенет бір қатты гүрс еткен дыдыс шықты. 2.онда, сонда, (с)ол жерде/ тұста, анда, әне ♦We went on to Paris and stayed there eleven days. – Парижге барып, онда он бір күн болдық. ♦I hope we get there in time. – Онда/ Ол жерге уақытында жетерміз деп ойлаймын. ♦It's there, right in front of you! – Ол – әне/ анда, дәл алдыңда! ♦There it is - just behind the chair. – Ол – әне, орындықтың дәл артында. ♦We're almost there. – Міне, жетіп/ жетейін деп қалдық. ♦Hello, is Bob there please? – Алло, Боб бар ма екен/ сонда ма екен? 3. (қолда) бар, (с)онда ♦I went to see if my old school was still there. – Ескі мектебім орнында ма екен деп бардым. ♦The money's there if you need it. – Қажет болса, ақша бар. ♦This is the most exciting technology out there today. – Бұл - қазіргі ең қызық технология. ♦Most of the system is already there, just waiting to be used. – Жүйенің көбі орнатылған, енді қолдана бастау керек. 4.біреудің назарын аудару үшін қолданылады ♦Hello, there! – Мұнда кім бар екен!/ Бері қараңызшы! ♦You there! Come back! – Сіз! Кері қайтыңыз! ♦There you are! I've been looking for you everywhere. – Бұнда екенсің ғой! Сені әр жерден қарап жүрсем. 5.ана(у), әне(у), сонау, оу, (с)ол ♦There's the statue I was telling you about. – Мен саған айтып жүрген мүсін/ статуя әне. ♦That woman there is the boss's wife. – Ана/ Әнеу әйел – бастықтың жұбайы. ♦There goes the last bus. – Соңғы автобустан қалып қалдық. ♦There goes the phone. – Телефон шырылдауда. ♦(humorous) There goes my career! – Карьерам құрыды! 6. ∼ to do smth (біреу не бірнәрсе) бірнәрсе істемек ♦The fact is, they're there to make money. – Шынында, олардың ойы ақша таппақ/ табу. 7. (idm) *been there, done that (informal) онда барғанмын/ болғанмын, (сондықтан) жетеді ♦Not Spain again! Been there, done that, got the T-shirt. – Енді Испания емес! Онда болғанмын, көргенмін, футболка алғанмын. *be there for smb біреуге қажет кезінде көмекке әзір тұру ♦You know I'll always be there for you. – Білесің ғой, мені іздесең, қашан да табасың. *have been there before (informal) бұндай жайтты білу *here and there әр жерде, әр тұста ¨Papers were scattered here and there on the floor. – Еденнің әр тұсында қағаз(дар) шашылып жатты. *not all there (informal) (ақыл-ой кемтарлығына байланысты) ұға бермейтін, ақылы кемдеу *so there! (informal) жағдай осы(лай) (яғни, өзгермейді) ♦Well, you can't have it, so there! – Жә, оны ала алмайсың, жағдай осы! *there it is (informal) жағдай осы(лай), істің мән-жайы осы(лай) ♦It's crazy, I know, but there it is. – Иә, біртүрлі екенін білемін, алайда жағдай осы. *there or thereabouts (BrE, informal) сонда не сол төңіректе; жақсы, тәуір ♦At the end of the tournament, he'll be there or thereabouts. – Турнирдің соңында ол алдыңғы қатарда болады. *there’s smth for you (informal) «саған бірнәрсе», жақсы мысал/ үлгі ♦She visited him every day he was in the hospital. There's devotion for you. – Ол (еркек) ауруханада болған кезде ол (әйел) ылғи барып тұрды. Міне жан-тәнімен берілгендік деген. ♦(ironic) He didn't even say thank you. There's gratitude for you! – Ол тіпті рахмет те деген жоқ. Мінеки ризашылық деген! *there’s a good boy, girl, dog, etc. (informal) (сәбиге не үй жануарларына қарата айтылады) жақсы бала/ қыз/ ит/ тб екен ғой ♦Finish your lunch, there's a good boy. – Тамағыңды ішіп тауыса ғой, жақсы бала екен ғой. *there, there! (informal) (сәбиге қарата айтылады) жә-жә, жылама, әлди-әлди, қане-қане ♦There, there! Never mind, you'll soon feel better. – Қане-қане!/ Әлди-әлди! Қорықпа, қазір жақсы боласың. *there you are (also there you go) (informal) a) мінеки(ің-із) ♦There you are - that'll be £3.80, please. – Мінеки – бұл £3.80 болады. ♦OK, there you go. – Жақсы, мінеки(іңіз). b) міне, осылай, мінеки ♦You switch on, push in the DVD and there you are! – Қосып, DVD-ді итересің, болды! ♦There you are! I told you it was easy! – Мінеки! Айттым ғой оңай деп! c) мінеки, осылай, осы ♦There you go - that's what they're like. – Мінеки, бұлар осындай болады. ♦I know it’s not ideal but there you go… - Аздап міні бар болса да, осы... *there you go again (informal) тағы сөйтудесің, тағы да сол әдетіңе басудасың ♦There you go again - jumping to conclusions. – Тағы да асығыс ойлаудасың. B.excl 1.әнеки, әне, ал, иә, оу ♦There now! What did I tell you? – Әнеки! Айттым ғой саған! ♦There! That didn't hurt too much, did it? – Иә! Қатты ауырып тұрған жоқ шығар? 2.қап, ой, өй ♦There! You've gone and woken the baby! – Ой! Барып баланы ояттың-ау!