thick [θɪk] A.adj (thicker, thickest) 1.қалың, жуан ♦a thick slice of bread – нанның қалың тілімі ♦a thick book – қалың кітап ♦a thick coat – қалың киім ♦thick fingers – жуан саусақтар ♦How thick are the walls? – Қабырғалар қаншалықты қалың? ♦The silk thread is only slightly thicker than a hair. – Жібек жіп шаштан сәл ғана жуан. ♦(ауысп мағ) Thick black smoke rose over the city. – Қала үстіне қою қара түтін көтерілді. ♦(ауысп мағ) Thick cloud covered the sky. – Қою/ Қалың бұлт аспанды жапты/ басты. 2.қалың, тығыз ♦thick dark hair – қалың қара шаш ♦His eyebrows were thick and bushy. – Қастары қалың әрі матасқан еді. ♦a thick forest – ну/ қалың орман 3.қою, қоймалжың ♦thick soup – қою суп/ сорпа 4. ∼ with smb/smth тым көп, қаптаған, құжынаған ♦The beach was thick with sunbathers. – Пляж күнге қыздырынушыларға толы болды. 5. (informal, disapproving) топас (адам) (syn: stupid) ♦Are you thick, or what? – Не, топас па едің? 6. (sometimes disapproving) қатты/ оңай/ тез білінетін, көзге көрініп тұрған (syn: strong) ♦a thick Brooklyn accent – қатты бруклиндік акцент 7. ∼ (with smth) бұлыңғыр; (дауыс ж) қарлыққан, құмыққан, қыстыққан ♦His voice was thick with emotion. – Көңіл-күйі толқып, даусы құмыға шықты. 8. ∼ (with smb) (informal) (біреуге) тым жақын, ым-жымы бір ♦You seem to be very thick with the boss! - Бастықпен тегі жақсы сияқтысың! 9. (idm) *blood is thicker than water (saying) «қан судан қоюырақ», жақын туыстық қатынастар басқа қатынастардан мықтырақ болады *give smb/get a thick ear (BrE, informal) жаза ретінде біреудің басынан салып қалу; басына соққы тию *(as) thick as thieves (informal) (бір-бірімен) өте жақын, дос, ым-жымы бір *(as) thick as two short planks (BrE, informal) өте топас/ ақымақ *a thick head (informal) басы ауырған не мәңгірген ♦You’re going to have a thick head in the morning! – Таңертең басың ауыратын болады! *your thick head (informal) топас бас, топас неме ♦When will you get it into your thick head that I don't want to see you again! – Сені енді қайтіп көргім келмейтінін топас басың қашан ұғады! *thick/thin on the ground [қ-з: ground (А12)] *a thick skin [қ-з: skin (А10)] B.n (idm) *in the thick of smth (бір іске) қызу кіріскен, бел ортасында жүретін ♦As a player, he’s always in the thick of the action. – Ойыншы ретінде ол ылғи ойынның бел ортасында жүреді. *through thick and thin қиын(-қыстау) кезеңде де ♦He's supported the team for over ten years through thick and thin. – Ол команданы қиын кезеңдерге қарамастан он жылдан аса қолдады. ♦In marriage, you have to stick together through thick and thin. – Үйлі болғанда қиын кездерде ынтымақты болған жөн. C.adv (thicker, thickest) 1.қалың ете/ етіп ♦Make sure you cut the bread nice and thick. – Нанды дұрыс, қалың ете тілгін. 2. (idm) *lay it on thick (informal) асыра мақтау не асыра жамандау, дардиту, көпірту ♦Praise them when necessary, but don't lay it on too thick. – Қажет кезінде оларды мақта, бірақ тым асырып жіберме. *thick and fast тез әрі көп/ қаптата ♦Questions were coming at them thick and fast. – Оларға сұрақ(тар) ағылып жатты.