thin [θɪn] A.adj (thinner, thinnest) 1.жұқа, жіңішке ♦Cut the vegetables into thin strips. – Көкөністі жұқа етіп тіл. ♦A number of thin cracks appeared in the wall. – Қабырғада бірнеше жіңішке сызат пайда болыпты. ♦a thin layer of soil – жұқа топырақ қабаты/ жамылғысы ♦Palm trees cast long, thin shadows on the lawn. – Пальма ағаштары көгалға ұзын да жіңішке көлеңке түсірді. ♦He knew that the ice was too thin to risk crossing the river. – Өзендегі мұз тым жұқа болғандықтан өтудің қауіпті екенін ол білді. ♦a thin blouse – жұқа блузка 2. (sometimes disapproving) (кісі ж) арық, жіңішке; жүдеу, сидиған ♦He was tall and thin, with dark hair. – Ол ұзын әрі арық еді, шашы қара болатын. ♦She was looking pale and thin. – Ол бозарып, жүдеу көрінді. ♦How do you stay so thin? – Қалайша толмайсың? ♦He is as thin as a rake. – Ол сидиған арық еді. ♦thin legs – сидиған аяқтар 3. (шаш, тб ж) селдір, сирек/ сирей өскен ♦thin grey hair – селдір бурыл шаш 4.сұйық (қою емес) (syn: runny) ♦The sauce was thin and tasteless. – Соус/ Тұздық сұйық және дәмсіз екен. ♦The paint looks a bit thin. – Сыр/ Бояу аздап сұйық көрінеді. 5.селдір, қою/ қалың емес емес ♦They fought their way through where the smoke was thinner. – Олар түтіннің селдір/ қою емес тұсына ұмтылды. 6. (ауасы, оттегісі) сирек, селдір ♦Humans would not be able to survive in the thin atmosphere of the planet. – Планетада ауа сирек болса, адамдар өмір сүре алмас еді. 7. (disapproving) (дауыс ж) жіңішке, әлсіз, нәзік ♦Her thin voice trailed off into silence. – Оның нәзік даусы бәсеңдеп барып тоқтады. 8.әшейін, шынайы/ шын көңілден емес ♦He gave a thin smile. – Ол жымиған болды. 9.көмескі, ашық емес, бұлыңғыр ♦the thin grey light of dawn – көмескі арай/ таң/ шапақ 10.онша емес, нашар, ойдағыдай емес ♦a thin excuse – кешірім сұраған болу ♦Their arguments all sound a little thin to me. – Олардың дәлелі/ уәжі маған аздап орнықсыздау көрінді. ♦The general standard of applicants is pretty thin this year. – (Оқуға, жұмысқа, тб) өтініш берушілердің жалпы (шеберлік) деңгейі биыл біршама нашар. 11. (idm) *be skating/walking on thin ice [қ-з: skate (А3)] *disappear, vanish, etc. into thin air ұшты-күйлі/ кенет әрі түсініксіз жоғалу/ ғайып болу ♦She can’t just have vanished into thin air. – Ол ұшты-күйлі жоғалып кеткен жоқ шығар. ♦At a stroke she could make things vanish into thin air. – Бір сілтеп-ақ ол нәрселерді жоғалтып жібере алатын. *have a thin time (of it) (BrE, informal) қиындығы/ қиын мәселелері тым көп болу; сәтсіз/ табыссыз болу ♦He’s had a thin time of it since losing his job. – Жұмысынан шығып қалғалы бері ол қиналуда. *out of thin air ойда жоқта, аяқ астынан, күтпеген жерден ♦Unfortunately, I can’t just conjure up the money out of thin air! – Өкінішке орай, ақшаны сиқырлап табатын сиқыршы емеспін! *spread yourself too thin [қ-з: spread (А8)] *thick/thin on the ground [қ-з: ground (А12)] *the thin end of the wedge (especially BrE) «сынаның жіңішке ұшы», жаман бір нәрсенің/ оқиғаның басы *thin/bald on top (informal) басы жалбас не таз, шашы түскен не мүлде селдір ♦He's starting to get a little thin on top. – Оның төбе шашы аздап түсе бастапты. ♦He's going bald on top. – Оның төбе шашы түсе бастапты. *a thin skin [қ-з: skin (А10)] *through thick and thin [қ-з: thick (В)] *walk/tread a fine/thin line (between A and B) [қ-з: line (А27)] *wear thin азаю, бәсеңдеу; шыдам/ төзім таусыла/ азая бастау ♦These excuses are wearing a little thin. – Бұл сылтаулардың жауыры шыға бастады. ♦My patience is beginning to wear very thin. – Төзімім жұқарып барады. B.adv (thinner, thinnest) жұқ ете/ етіп ♦Don't spread it too thin. – Тым жұқа (ете) жақпа/ жайма. ♦I like my bread sliced thin. – Нанымды жұқа ете тілсе екен. C.v 1. ∼ smth (down) (with smth) (су, тб қосып) сұйылту, сұйық ету ♦Thin the paint with water. – Сырды/ Бояуды су қосып сұйылт. ♦If the soup is too thick, thin it down with a little milk. – Суп тым қою болса, аздап сүт қатып сұйылт. 2. (шаш ж) сиреу, түсу, селдіреу, азаю, жиду ♦a middle-aged man with thinning hair – шашы түсе бастаған орта жастағы (ер) кісі ♦His hair was long at the sides but thinning on top. – Шашының самай тұстары ұзын, төбесі селдірей бастаған. 3.сире(т)у, селдіре(т)у, азаю, азайту ♦The clouds thinned and the moon shone through. – Бұлт сиреп, ай жарқырай көрінді. ♦∼ The crowd had thinned out and only a few people were left. – Топ тарқап, бірнеше адам ғана қалды. ♦The traffic was beginning to thin out. – Көлік азая бастады. ♦∼ smth (out) Thin out the seedlings to about 10cm apart. – Көшеттерді арасын он см ете сирет.