thing [θɪŋ] n 1.зат, нәрсе ♦Can you pass me that thing over there? – Ана/Әнеу затты маған бере салшы. ♦She's very fond of sweet things. – Ол тәтті нәрсені/ тәттіні өте жақсы көреді. ♦He's just bought one of those exercise things. – Ол жаттығатын нәрселердің бірін/ біреуін сатып алды. ♦Turn that thing off while I'm talking to you! – Мен сөйлеп тұрғанда ананы өшірші! ♦Don't treat her like that - she's a person, not a thing! – Оған (ол қызға, әйелге) өйтіп қарама/ өйтпе – ол саған зат емес қой! ♦He's good at making things with his hands. – Оның қолы іске епті. ♦She took no interest in the people and things around her. – Ол төңірегіндегі адамдарға және басқа нәрселерге көз салмады. ♦Books may one day become a thing of the past. – Кітап бір күні өткеннің нәрсесі болу мүмкін. 2. ∼s (rather informal) заттар, нәрселер, дүниелер ♦Shall I help you pack your things? – Заттарыңды салуға көмектесейін бе? ♦Bring your swimming things with you. – Шомылатын/ Жүзетін нәрселеріңді өзіңмен ала кел. ♦I'll just clear away the breakfast things. – Таңғы астағы нәрселерді тазалап тастайын. ♦Put your things on and let's go. – Нәрселеріңді ки де, кетелік. ♦She loves all things Japanese. – Ол жапонның бар нәрсесін/ дүниесін жақсы көреді. 3.нәрсе, іс, жайт, қасиет, факті, жағдай, оқиға, тб ♦They talked about many things, like books, music and films. – Олар кітап, музыка және кино сияқты көп нәрселерді айтты. ♦There are a lot of things she doesn't know about me. – Ол мен жайлы көп нәрсені білмейді. ♦There's another thing I need to tell you. – Мен(ің) саған айтайтын деген тағы бір нәрсе бар. ♦Bad things happen to good people. – Жақсы адамдарға жаман нәрселер жолығып жатады. ♦I've got lots of things to do today. – Бүгін істейтін нәрсем көп. ♦Things haven't gone entirely to plan. – Іс дәл жоспардағыдай болмады. ♦(informal) Hi, Jane! How are things? – Джейн, сәлем! Қалай жағдай? ♦As things stand at present, he seems certain to win. – Жағдай қазіргідей болса, ол ұтатын сияқты. ♦Reality and truth are not the same thing. – Нақты жағдай мен шындық бірдей нәрсе емес. ♦The two of them have one thing in common - they never give up. – Екеуіне де ортақ бір нәрсе бар – екеуі де ешқашан қайтпайды. ♦The good thing about this job is all the travelling. – Бұл жұмыстың бір жақсы жағы – сапар көп. 4.керек я дұрыс нәрсе ♦You need something to cheer you up - I know just the thing! – Саған еңсеңді көтеретін бірнәрсе керек – дұрысы осы! ♦to say the right/wrong thing – дұрыс/ теріс нәрсе айту ♦The best thing to do is to apologize. – Ең дұрысы – ғафу өтіну. 5. a ∼ (informal, humorous) маңызды/ қажет(ті) нәрсе ♦I don't understand why these corny films are still a thing in 2020. – Бұл жалықтыратын фильмдерді 2020 жылы әлі неге көретінін ұқпаймын. 6. a ∼ дым, нәрсе, зат, дүние, тб ♦I haven't got a thing to wear! – Киетін дымым жоқ! ♦She hasn't had a thing to eat all day. – Ол күні бойы дым/ нәр татпады. ♦There wasn't a thing we could do to help. – Көмек бере алатын дымымыз болмады. 7.мақұлық, жан/ тіршілік иесі, тірі нәрселер, хайуан, жануар, жәндік ¨All living things are composed of cells. – Бар(лық) тірі нәрсе(лер) клеткадан тұрады/ құралған. ♦(ауысп мағ) You silly thing! – Өй, ақымақ неме! ♦The cat's very ill, poor old thing. – Мына кәрі бейшара мысық - өте ауру. ♦(ауысп мағ) The baby's a pretty little thing. – Сәби сүп-сүйкімді екен. 8. (idm) *all/other things being equal жағдай осылай болса ♦All things being equal, we should finish the job tomorrow. – Жағдай осылай болса, ертең жұмысты бітіруіміз керек. *and things (like that) (informal) (тағы) сол сияқты нәрселер/ дүниелер ♦She likes nice clothes and things like that. – Ол сәнді киімді және сол сияқты дүниелерді жақсы көреді. ♦I've been busy shopping and things. – Дүкенге бардым және басқа нәрселер істедім. *as things/it turned out кейін жағдай көрсеткендей, кейін белгілі болғандай ♦As things turned out, the weather - and the whole weekend - were perfect. – Ауа-райы да, бүткіл апта соңы да жақсы болды. ♦I didn't need my umbrella, as it turned out. – Қолшатырымды алмағаным жақсы болыпты, жаңбыр жаумады. *be all things to all men/people [қ-з: man (A14)] *be the done thing [қ-з: done 2(А4)] *be a good thing (that)… жолы болу, сәтін салу, құдай оңдау/ оңлау ♦It's a good thing we got here early. – Бұнда ерте келгеніміз жақсы болыпты. ♦It's a good thing you remembered to turn off the gas! – Газды өшіруді ұмытпағаның жақсы болыпты. *be no bad thing (that)… жаман емес, жаман болмапты ♦We didn't want the press to get hold of the story, but it might be no bad thing. – Баспасөздің бұл әңгімені білмегенін қаладық, осы(лай) дұрыс сияқты. ♦It's no bad thing to express your anger. – (Кейде) ашу(ың)ды шығарған да жөн. *be onto a good thing жақсы нәрсеге кезігу, жолы болу *be seeing/hearing things (informal, humorous) (жоқ болса да) көзіне көріну, елестету *chance would be a fine thing (BrE, informal) қайдам, екіталай, неғайбыл, солай болар дейсің бе *a close-run thing екіталай нәрсе, итжығысқа пара-пар, әрең/ әзер дегенде ұтқан нәрсе не сәл жетпей ұтылған нәрсе *a close thing екіталай нәрсе, сәтті де, сәтсіз де болуы мүмкін нәрсе *come to/be the same thing сондай/ бірдей нәтиже/ мағына болу *do your own thing (informal) (біреулерге жалтақтамай) өзі қызығатын ісін істеу *do things to smb (informal) көңіл-күйіне әсер ету ♦That song just does things to me. – Ана ән бойымды билейді. *first/last thing таңертеңгісін/ кешкісін ♦I need the report on my desk first thing Monday morning. – Маған баянат дүйсенбі таңда қажет. ♦I took the dog for a walk last thing before going to bed. – Итті (өзім) ұйықтамас бұрын қыдыртып қайттым. *first things first (often humorous) ең маңызды нәрселермен бірінше кезекте айналысу керек *for one thing бір себебі ♦Why don't you get a car?’ ‘Well, for one thing, I can't drive!’ – «Неге машина (сатып) алмайсың?» «Ой, бір себебі, айдай алмаймын!» *have it/things/everything your own way өз ойымен/ бетінше жұмыс істеу *have a thing about smb/smth (informal) (біреу/ бірн-е десе) бірнәрсесі бар болу, (біреуді/ бірн-ні) біртүрлі жақсы көру не жек көру ♦She has a thing about men with beards. – Сақалды еркектер десе оның (әйелдің) бірнәрсесі бар. *have a thing for smb/smth (informal) біреуге құмарту/ ынтығу; бірн-ні қатты ұнату ♦He has a thing for the new girl in the office. – Ол (жігіт) офистегі жаңа қызға елігіп жүр. ♦Jamie has a thing for fast cars. – Джейми шапшаң машиналарға қатты қызығады. *in the nature of things [қ-з: nature (6)] *A is one thing, B is another | it’s one thing to do A, it’s another thing to do B бұл – бір нәрсе, ол – басқа нәрсе ♦Romance is one thing; marriage is quite another. – Ғашықтық – бір нәрсе, ал үй болу – басқа нәрсе. *it isn’t my, his, etc. thing (informal) бұл мен, ол, тб қызығатын нәрсе емес *it’s a… thing (informal) басқа біреуге ғана түсінікті нәрсе ♦You wouldn't know what it means - it's a girl thing. – Бұны сен білмейсің, бұны тек қыздар ұғады. *know/tell smb a thing or two (about smb/smth) [қ-з: tell (7)] *make a (big) thing of/about smth (informal) бірн-нің маңызын асыра көрсету, далиту, дардиту *a near thing әрең/әзер табысқа жеткен жағдай ♦We won in the end but it was a near thing. – Ақыры жеңдік, бірақ жеңілуіміз де мүмкін еді. *not know, etc. the first thing about smth/smb [қ-з: know (А10)] *not quite the thing a) дұрыс/ сыпайы болмау b) (old-fashioned) дұрыс/ қалыпты болмау *(just) one of those things бұндай нәрселер болады/ болып тұрады ♦It wasn't your fault. It was just one of those things. – Бұл – сенің кінәң емес. Бұндай нәрселер болып тұрады. *one (damned/damn) thing after another (informal) бір (құрығыр) нәрседен кейін екіншісі, арты-артынан *one thing leads to another бірінен соң екіншісі ♦He offered me a ride home one night, and, well, one thing led to another and now we're married! – Бір күні кешке ол (еркек) үйіңе машинамен жеткізіп салайын деді, сосын, әйтеуір, бірінен кейін екіншісі, енді міне үйлендік! *the only thing is… [қ-з: only (А3)] *overdo it/things [қ-з: overdo (4)] *push things/it | push your luck [қ-з: luck (А3)] *the real thing [қ-з: real (А7)] *the/smb’s scheme of things [қ-з: scheme (А4)] *the shape of things to come [қ-з: shape (А5)] *sure thing [қ-з: sure (А6)] *take it/things easy [қ-з: easy (В2)] *take things/it one day at a time (informal) бүгінгіні ғана ойлау ♦I don't know if he'll get better. We're just taking things one day at a time. – Ол сауыға ма, білмеймін. Біз тек бүгінгіні ғана ойлаймыз. *there’s only one thing for it істің тек бір ғана жолы бар *these things are sent to try us (saying) бұны/ бұл нәрселерді құдай бізді сынау үшін жіберген *the (whole)… thing (informal) осы жағдай/ жайт/ нәрсе ♦She really didn't want to be involved in the whole family thing. – Үй-ішіне қатысты бұл нәрсеге оның араласқысы келмеді. *the thing is (informal) мәселе мынада, себебі мынау *the thing (about/with smth/smb) is (бірн-е/ біреу жайлы) мәселе мынада ♦The thing with Karl is, he's always late. – Карл жөнінде мәселе былай - ол қашан да кешігіп жүреді. *things that go bump in the night [қ-з: night (4)] *to do the decent thing [қ-з: decent (5)] *too much of a good thing жақсы нәрсе(лер) тым көп (яғни, енді жетеді) *(what) with one thing and another (informal) анау-мынаумен жүріп, ана-мына шаруаға бола ♦I completely forgot her birthday, what with one thing and another. – Оның туған күнін мүлде ұмытып кетіппін анау-мынау шаруамен жүріп. *work things/it (informal) бірнәрсені белгілі бір ретпен істеу, ойластыру