think [θɪŋk] A.v (pt, pp thought [θɔːt]) 1.ойлау, ой түю, пайымдау ♦∼ (that)… Do you really think (that) he'll win? – Ол шынымен (де) ұтады деп ойлайсың(ыз) ба? ♦I thought I heard a scream. – Бір шыңғырған дауысты естідім деп ойлаймын. ♦I didn't think people were allowed to park here. – Бұнда машина қоюға болады деп ойламаппын. ♦Am I right in thinking that you used to live here? – Осында бір кездері тұрғансың(ыз)-ау (өмір сүргенсіңіз) деген ойым дұрыс па? ♦We'll need about 20 chairs, I should think. – Бізге 20 орындық керек болар деп ойлаймын. ♦I can't help thinking (that) things could have been different. – Жағдай басқаша болар ма еді деген ой маған тыным бермейді. ♦it is thought that… It was once thought that the sun travelled around the earth. – (Жұрт) бір кездері Күн/ күн Жерді/ жерді айналады деп ойлаған. ♦∼ smth Well, I like it. What do you think? – Иә, маған ұнайды. Сен/ Сіз не ойлайсың(ыз)? ♦I don't think so. – Мен (с)олай деп ойламаймын. ♦I think so. – (С)олай деп ойлаймын. ♦She thought him kind and generous. – Ол оны мейірімді, жомарт деп ойлады. ♦She is thought of as a possible director. – (Жұрт) оны (кейін) директор болуы мүмкін деп ойлады. ♦Are animals able to think? – Жануарлар ойлай ала(ды) ма? ♦Let me think. – Ойланайын/ Ойланып көрейін. ♦I'm sorry, I wasn't thinking. – Ғафу ет(іңіз), ойланбаппын/ ойланбай айтыппын. 2.ойлау, пайымдау, елестету ♦∼ where, how, etc… We couldn't think where you'd gone. – Сені/Сізді қайда кетті деп ойлап дал болдық. ♦Just think how nice it would be to see them again. – Оларды қайта/ тағы бір көрсек қандай жақсы болар еді деп ойлаймын. ♦I can’t think (that) he would be so stupid. – Ол соншама топас деп ойламаймын. ♦∼ (smth) If I'm home late, my mother always thinks the worst. – Кешіксем болды, анам жаман ойлай бастайды. ♦∼ (that)… I never thought (that) I’d see her again. – Оны қайта көремін деп ойламаппын. ♦The job took longer than we thought. – Жұмыс біз ойлағандай емес, ұзақ болды. ♦You'd think she'd have been grateful for my help. – Менің көмегіме ол риза болды деп ойлап қалуың(ыз) мүмкін (бірақ, ол рахмет айтпады да). 3. (informal) ойлау, ниеттену, мақсат көздеу ♦Let's think positive. – Жақсы/ Оң ойлайық. ♦You need to think big. – Алдыңа биік мақсат(тар) қоюың керек. ♦∼If you want to make money, you've got to think money. – Ақша тапқың келсе, ақша жайлы ойлануың керек. 4.ойлау, есінде/ жадында болу, ұмытпау ♦∼ to do smth I didn't think to tell her. – Оған айтуды ойламаппын. ♦∼ where, what, etc… I can't think where I put the keys. – Кілттерді қайда қойғаным есімде жоқ. 5. (idm) *behave/act as if you own the place | think you own the place [қ-з: place (А14)] *come to think of it (кенет еске түскенде қолд) мынаны қара, мынаң ғара, бері қара ♦Come to think of it, he did mention seeing you. – Бері қара, ол сені көрдім деп айтпады. *great minds think alike [қ-з: mind (А6)] *I don’t think so (informal) мен (с)олай ойламаймын ♦Me? Fail? I don't think so. – Мені сүрінді дейді? Өйтіп ойламаймын. *if/when you think about it ойлай/ пайымдай қарағанда ♦It was a difficult situation, when you think about it. – Жалпы алып қарағанда, бұл бір қиын жағдай болды. *I/I’d like to think солай болар ♦I like to think I'm broad-minded. – Ой-өрісім кең шығар деп үміттенемін. *I thought as much мен де солай/ сөйтіп ойладым ♦‘He said he'd forgotten.’ ‘I thought as much.’ – «Ұмытып кетіппін дейді». «Мен де солай ойлағанмын». *let me see/think | let's see ойланып көрейін/ көрелік ♦Now let me see - where did he say he lived? – Ойланайықшы, ол қайда тұрамын (өмір сүремін) деп еді? *see/think fit (to do smth) (formal) дұрыс/ орынды/ жөн деп ойлау ♦You must do as you think fit. – Өзің қалай ойласаң, солай істеуің керек. ♦The newspaper did not see fit to publish my letter. – Газет хатымды жариялағанды жөн көрмеді. *speak/think ill of smb (formal) біреу жайлы жаман айту не ойлау ♦Don't speak ill of the dead. – Қайтыс болғандар жайлы жаман айтпа. *think again тағы (да) ойлан ♦You really should think again about that. – Бұл жайлы тағы да ойланып көруің керек. *think aloud/out loud «дауыстай ойлау», ішкі ойын дауыстай айту *think (the) better of smb біреу жайлы жақсы ойлау/ жақсы пікірде болу ♦She has behaved appallingly - I must say I thought better of her. – Оның жүріс-тұрысы сұмдық болды – оны жақсы деп жүрсем. *think better of it/of doing smth ойланып (с)олай еткенді жөн көрмеу (syn: reconsider) ♦Rosie was about to protest but thought better of it. – Роузи қарсы шығайын деген, бірақ ойланып олай еткенді жөн көрмеді. *think for yourself (біреудің көңіліне қарамай) өз бетінше ойлау/ шешу *think nothing of smth/of doing smth дұрыс/жөн көру, теріс ойламау ♦He thinks nothing of staying up all night in casinos. – Казинода таң атқанша ойнағанды ол теріс көрмейді. *think nothing of it (formal) оқасы жоқ, алаң болма(ңыз) *think on your feet бірден/ лезде жауап қату/ әрекет ету *think out of the box өзгеше/ бөлекше/ басқаша ойлау *think straight [қ-з: straight (А6)] *think twice about smth/about doing smth жақсылап ойлану, ой елегінен өткізу ♦You should think twice about employing someone you've never met. – Білмейтін адамды жұмысқа алмас бұрын жақсылап ойлануың керек. *think the world, highly, a lot, poorly, little, etc. of smb/smth өте жақсы/ кереметтей көру не біреу/ бірн-е жайлы нашар ойлау ♦He thinks the world of his daughter. – Ол (өз) қызын кереметтей көреді. ♦I don't think much of her idea. – Оның ойын/ идеясын пәлендей ұнатпаймын. *to think (that…) сөйтіп ойламаппын, қайран қаламын, жаға ұстаймын ♦To think we lived next door to him and never knew what he was doing! – Онымен көрші тұрғанымызды және оның не істеп жүргенін білмегенімізге қайран қаламын! 6. (phr v) *think about/of smb/smth a) (біреу/ бірн-е жайлы) ойлау, ескеру ♦Don't you ever think about other people? – Басқа адамдар жайлы жалпы ойлайсың ба? b) ойлану, ойлау, ойша таразылау (syn: contemplate) ♦∼ about/of doing smth She's thinking of changing her job. – Ол (өз) жұмысын ауыстырсам ба деп жүр. *think ahead (to smth) алдағы уақытты ойлау/ жоспарлау *think back (to smth) бұрын болған нәрсе жайлы ойлау ♦I keep thinking back to the day I arrived here. – Осы жерге келген күнімді ойлай беремін. *think of smth/smb a) біреу/ бірн-е жайлы ойлау ♦I often think of Jane. – Джейн жайлы көп ойлаймын. b) ойлау, ойлану, қарастыру ♦Can anybody think of a way to raise money? – Ақшаны қалай табу керектігі жөнінде кім ойланады? ♦‘What shall we do now?’ ‘I'll think of something.’ – «Енді не істейміз?» «Ойланып көрейін». ♦Have you thought of a name for the baby yet? – Сәбиіңе не ат қоятыныңды ойландың ба? c) есінде/ жадында болу ♦I can think of at least three occasions when he arrived late. – Оның үш рет кешіккені есімде. ♦I can't think of her name at the moment. – Атын/ Есімін есіме түсіре алмай отырмын. *think of smth ойлау, елестету ♦Just think of the expense! – Қанша (шығын) шығатынын ойлашы! ♦∼ of doing smth I couldn't think of letting you take the blame. – Кінәні өзіңе/ өз мойныңа алуды ойлама. *think smth out ойластыру, пысықтау ♦Are you sure you've thought it out properly? – Бұны дұрыстап ойластырдың ба? ♦It's a very well-thought-out plan. – Бұл – жақсы кесіп-пішілген жоспар. *think smth over ойлану, ой елегінен өткізу ♦He'd like more time to think things over. – Ол осы мәселе бойынша біраз ойланғысы келеді. *think smth through ойлану, ойша елеп-екшеу, ой таразысынан өткізу *think smth up (informal) ойлау (syn: devise, invent) ♦Can't you think up a better excuse than that? – Дұрысырақ сылтау ойлап таба алмайсың ба? B.n (idm) *have a think (about smth) (informal) ойлану, ой елегінен өткізу ♦I'll have a think and let you know tomorrow. – Біраз ойланып, саған ертең айтамын. *you’ve got another think coming (informal) тағы бір ойланып көр ♦If you think I’m going to pay all your bills you’ve got another think coming. –Сенің бүткіл счетыңды мен төлейді деп ойлағаның дұрыс болмас.