this [ðɪs] (pl these [ðiːz]) A.determiner, pron 1.бұл, осы, мынау ♦How long have you been living in this country? – Бұл елде қанша жыл тұрып келесің(із)? ♦This one or that one? – Мынау ма, жоқ анау ма? ♦Is this your bag? – Мынау сенің сумкаң ба? ♦There was a court case resulting from this incident. – Осы оқиғаға байланысты сот болды. ♦Hello, this is Carlos Diaz. – Алло, бұл – Карлос Диас/ мен Карлос Диаспын. ♦Jo, this is Kate. – Джо, бұл – Кейт. ♦This is the captain speaking. – Сөйлеп тұрған – капитан./ Капитан сөйлеп тұр. ♦Do it like this. – Осылай/ Осы сияқты істе. ♦Listen to this. – Мынаны/ Мына сөзді тыңда. ♦this week/month/year – осы апта/ ай/ жыл ♦I saw her this morning. – Оны бүгін таңда көрдім. ♦Do it this minute. – Бұны қазір істе. ♦These new friends of hers are supposed to be very rich. – Оның осы/ бұл жаңа достары бай дейді. ♦There was this strange man sitting next to me on the plane. – Самолетте бір қызық/ біртүрлі адам жанымда отырды. 2. (idm) *this and that | this, that and the other (informal) анау-мынау, анақ-мынақ ♦‘What did you talk about?’ ‘Oh, this and that.’ – «Не (әңгіме) айттыңдар/ сөйлестіңдер?» «Ой, анау-мынау». B.adv осындай, осылай, осындайлық, осыншама ♦It's about this high. – Ол осынша(ма) биік. ♦I didn't think we'd get this far. – Осынша алысқа кетеміз деп ойламаппын. ♦They never expected to be quite this successful. – Олар осыншама табысты болады деп ешкім ойламады.