though [ðəʊ] A.conj 1. солай болса да, (с)өйтсе де, қарамастан, дегенмен (syn: although) ♦Anne was fond of Tim, though he often annoyed her. – Өзін жиі мазаласа да, Әннге Том ұнайтын. ♦Though she gave no sign, I was sure she had seen me. – Сырттай білдірмесе де, оның мені көргеніне шүбәм жоқ. ♦His clothes, though old and worn, looked clean and of good quality. – Киімдері ескі, тозған болса да, таза әрі сапалы көрінді. ♦Strange though it may sound, I was pleased it was over. – Біртүрлі естілер, бірақ бұның біткенін көңілім құп көрді. ♦They're very different, though they did seem to get on well when they met. – Алғашында өзара тіл табысып кететіндей көрінгенімен, олар бір-бірінен мүлде бөлек еді. 2. (idm) *as if | as though тап бір, тура бір, бейне бір, құдды бір ♦He behaved as if nothing had happened. – Ол тап бір/ тура бір ештеңе болмағандай жүрді. ♦It sounds as though you had a good time. – Тура бір жақсы демалғандайсың. ♦It's my birthday. As if you didn't know! – Бүгін – туған күнім. Білмегенсімеші! ♦‘Don't say anything.’ ‘As if I would!’ – «Ештеңе айтпа». «Мені бірдеңе дейді деп пе едің?!» *even though/if солай болса да, (с)өйтсе де, қарамастан, дегенмен ♦I like her, even though she can be annoying at times. – Кейде жүйкеме тисе де, оны жақсы көремін. B.adv дегенмен (де), алайда, әйтсе де, қайткенде де ♦Our team lost. It was a good game though. – Командамыз ұтылды. Әйтсе де, жақсы ойын болды. ♦‘Have you ever been to Australia?’ ‘No. I'd like to, though.’ – «Австралияда болып па едің?» «Жоқ, барғым-ақ келеді». ♦She wanted to talk to him. First, though, she had to talk to Clayton. – Оның онымен сөйлескісі келді, алайда алдымен оның Клейтонмен сөйлесуі керек болды.