thought [θɔːt] n 1.ой, ес, жад, ойлау, ойлану, пайым, естегі/ ойдағы нәрсе, пікір ♦∼ of doing smth I couldn't bear the thought of waiting any longer. – Одан әрі күтем деген ойға шыдай алмадым. ♦∼ of smth/smb The very thought of it makes me feel sick. – Осы ойдың өзіне түршігемін. ♦∼ of smb/smth doing smth I don't like the thought of you walking home alone. – Сенің үйге жалғыз кетуің дұрыс ой емес. ♦∼ (that)… She was struck by the sudden thought that he might already have left. – Ол (жігіт) кетіп қалған шығар деген ой оны (қызды) есеңгіретіп тастады. ♦∼ on smth Thank you for sharing your thoughts on this topic. – Осы тақырып бойынша ойыңды айтқаның(ызғ)а рахмет. ♦I'd like to hear your thoughts on the subject. – Осы мәселе бойынша ойың(ыз)ды білгім келеді. ♦I've just had a thought. – Жаңа ғана есіме бір ой келді. ♦This is the time of year when our thoughts turn to summer holidays. – Бұл - ойымыз жазғы демалысқа бұрылатын кез. ♦in smb's ∼s You are always in my thoughts. – Қашанда жадымдасың/ есімдесің. ♦She was lost in thought. – Ол ойға шомып кетті. 2.ойлану, қарастыру, пайымдау, ой (syn: consideration) ♦I've given the matter careful thought. – Мәселеге ойлана қарадым. ♦Not enough thought has gone into this essay. – Эссе терең пысықталмаған ♦without ∼ They had acted rashly, without thought. – Олар ойланбастан/ ойсыз, асығыс қимылдады. 3. ∼ (for smb/smth) ойлау, ой, сезім, ниет, аяу, қобалжу, тб ♦Spare a thought for those without enough to eat this winter. – Осы қыста ішер асқа зәру адамдарды бір ойлап қой. ♦Don't give it another thought. – Жә, оқасы жоқ/ ештеңе етпейді. ♦It's the thought that counts. – Ең бастысы, ниет түзу болсын. 4.ой, ниет, үміт, тб ♦∼ (of doing smth) She had given up all thought of changing her job. – Ол (өз) жұмысын өзгертпек ниетін мүлде тастады. ♦∼ (of smth) He acted with no thoughts of personal gain. – Ол өз құлқын ешбір ойламастан әрекет етті. 5.ой, идея, ілім 6. (idm) *collect yourself/your thoughts өзіне-өзі келу, ойын/ бойын жию, өзін қолына алу, көңіл-күйін тізгіндеу ♦I'm fine - I just need a minute to collect myself. – Жә, жақсымын – әшейін сәл өзіме-өзім келіп алайын. ♦She paused to collect her thoughts before entering the interview room. – Интервью болатын бөлмеге кірер алдында ол сәл кідіріп, бойын жиды. *food for thought [қ-з: food (3)] *give (smb) pause for thought (also give (smb) pause) [қ-з: pause (В4)] *have second thoughts екіойлы болу, басқа ойы болу, қайта ойланып пікірін өзгерту ♦You’re not having second thoughts about it, are you? – Екіойлы емессің бе? *on second thoughts (BrE) (NAmE on second thought) ойым өзгерді дег мағ ♦I'll wait here. No, on second thoughts, I'll come with you. – Осында күтемін. Жоқ, сенімен бірге жүремін. *a penny for your thoughts | a penny for them [қ-з: penny (4)] *perish the thought [қ-з: perish (4)] *school(s) of thought [қ-з: school (А9)] *a train of thought ой(лар) тізбегі, ой желісі ♦The phone ringing interrupted my train of thought. – Телефон шырылы ойымды бөліп жіберді. *the wish is father to the thought (saying) «жүрек қалауы – ойдың өзегі», біз өз қалауымыз рас келсе екен деп ойлаймыз *without a second thought бірден, сол сәтте, ойланбастан, ойланып жатпастан