thread [θred] A.n 1.жіп ♦a needle and thread – ине-жіп, ине мен жіп ♦the delicate threads of a spider’s web – өрмекші торындағы/ ауындағы нәзік жіптер ♦You've pulled a thread in your jumper. – Джемперіңдегі жіпті ілдің/ тарттың. 2.ой/ әңгіме, тб желісі, ұқсас тұстар; түйін, өзек ♦A common thread runs through these discussions. – Осы талқылауларда ортақ бір желі бар. ♦The author skilfully draws together the different threads of the plot. – Автор оқиғаның түрлі тұстарын шебер қиыстырып, құрайды. ♦I lost the thread of the argument. – Әңгіме желісінен жаңылып/ ажырап қалдым. ♦The speaker lost his thread halfway through the talk. – Сөйлеуші/ Шешен сөз ортасында ойынан жаңылып/ ажырап қалды. 3. ∼ (of smth) «жіп», сызық ♦A thread of light emerged from the keyhole. – Кілт ойығынан жарық сызыла түсті. ♦a silvery thread of water – күміс сызыққа ұқсаған су ағыны ♦Thin threads of blood glittered on his forehead and cheeks. – Маңдайы мен бетінде сызық-сызық қан табы болды. 4. (computing) емейлдер/ хабарлар тізбегі 5. «жіп», бұранда жібі/ сызығы (бұранданы бойлай айнала орналасқан көтеріңкі сызық) (резьба шурупа/ винта) 6. ∼s (NAmE, old-fashioned, informal) киім-кешек 7. (idm) *hang by a hair/thread (өмірі) өте қауіпті жағдайда болу *pick up the threads қайта қалпына келу/ оралу B.v 1. ∼ smth (инеге) жіп сабақтау, жіпті, тб кішкентай тесіктен өткізу ♦to thread a needle (with cotton) – инені сабақтау, инеге (мақта) жіп сабақтау ♦to thread cotton through a needle –инеге мақта жіп сабақтау ♦A tiny wire is threaded through a vein to the heart. – Титтей сымды қан тамыры арқылы жүрекке өткізді. 2.жіңішке қуыс/ өткел арқылы өт(кіз)у (syn: pick your way) ♦The waiters threaded between the crowded tables. – Даяшылар/ Официанттар жұрт толы столдар арқылы әрең өтіп жатты. ♦It took me a long time to thread my way through the crowd. – Топ арқылы ұзақ жүріп өттім. 3. ∼ smth (onto smth)(моншақты, тб) жіпке, тб тізу/ өткізу ♦to thread beads (onto a string) – моншақты жіпке тізу ♦Thread the cubes of meat and vegetables onto metal skewers. – Төрт бұрыштап тураған етті темір істікке тіз/ өткіз. 4. ∼ smth (таспаны/ пленканы, тб жабдықтың арнайы тетігі арқылы) өткізу 5. ∼ smth (with smth) жіппен тігу, жіп тігу ♦a robe threaded with gold and silver – алтын, күміс жіппен тіккен шапан