throng [θrɒŋ] (literary) A.n топ, жиналған жұрт (тобы) ♦We pushed our way through the throng. – Топ арқылы қысыла(-қымтырыла) өттік. ♦He was met by a throng of journalists and photographers. – Оны бір топ журналист пен фотограф қарсы алды. B.v 1.топтасу, топталу, үйілу, үймелеу, жиналу, құжынау, қаптау, жамырау ♦The children thronged into the hall. – Балалар залға үймеледі. ♦∼ to do smth People are thronging to see his new play. – Жаңа пьесаны көру үшін жұрт үймелеуде. ♦∼ smth Crowds thronged the stores. – Жұрт магазиндерге қаптады. 2. (phr v) *throng with smb/smth | be thronged with smb/smth лықа толу, қаптау, құжынау, үймелеу ♦The cafes were thronging with students. – Кафелерде студент(тер) толып жүрді. ♦The streets were thronged with people. – Көшелерге жұрт қаптады.