throw [θrəʊ] A.v (pt threw [θruː], pp thrown [θrəʊn]) 1.лақтыру, (тас, тб) ату ♦Practise throwing and catching. – Лақтырып, ұстап жаттық. ♦∼ smth Who threw that rock? – Тасты кім лақтырды? ♦∼ smth Stop throwing stones at the window! – Терезеге тас лақтырма/ атпа! ♦She threw the ball up and caught it again. – Ол допты әуеге лақтырып, қайта ұстады. 2. ∼ smth лақтыра салу, (қалай болса солай) қоя салу, тастай салу ♦Just throw your bag down over there. – Сумкаңды ана жерге лақтыра/ тастай сал. ♦He threw the keys casually down on the table. – Ол кілттерді столға тастай салды. 3.лақтыру, соғу, ұру, тб ♦∼ smth/smb The boat was thrown onto the rocks. – Қайықты (толқын) жартасқа ұрды. ♦The sea throws up all sorts of debris on the beach. – Теңіз (суы) қоқыстың барлық түрін жағаға шығарады. ♦They were thrown to the floor by the impact. – Сілкіністен олар еденге құлады. ♦(figurative) He was arrested and thrown in jail. – Оны тұтқындап, түрмеге тықты. ♦∼ smth/smb I threw open the windows to let the smoke out. – Түтінді шығару үшін терезелерді айқара аштым. ♦Miraculously he was thrown clear and suffered nothing more than severe bruising. – Таңғаларлығы, көлік апатында ол ұшып кетіп, қатты көгерген жерлері болмаса, аман-сау қалыпты. 4. ∼ smth/yourself сілк(ін)у, шалт қимылдау ♦He threw back his head and roared with laughter. – Ол басын артқа сілке, қарқылдай күлді. ♦I ran up and threw my arms around him. – Оған жүгіріп барып, бас сала құшақтадым. ♦Jenny threw herself onto the bed. – Дженни төсекке күмп етті. ♦I just wanted to throw myself into his arms and cry. – Әшейін оның құшағына жығылып, жылағым келді. 5. ∼ smb құлату, жығу ♦Two riders were thrown in the second race. – Екінші жарыста екі шабандоз атынан жығылды/ құлады. 6.белгілі бір күйге/ жағдайға қалдыру ♦be thrown out of smth Hundreds were thrown out of work. – Жүздеген адам жұмыстан шығып қалды. ♦be thrown into smth The future of the project has been thrown into doubt. – Жобаның келешегі жөнінде күмән туды. ♦Everything was thrown into chaos. – Не нәрсе болсын ретсіз болып кетті. ♦We were thrown into confusion by the news. – Хабар бізді абыржытып тастады. ♦The problem was suddenly thrown into sharp focus. – Проблема аяқ астынан өзіне жұртты шұқшитты. 7. ∼ smth on/at smb/smth біреуге/ бірн-ге бірнәрсе бағыттау ♦to throw doubt on the verdict – сот үкіміне күмән келтіру ♦to throw the blame on someone – біреуге жала жабу ♦to throw accusations at someone – біреуді айыптау ♦He threw the question back at me. – Ол сұрақты маған кері ысырды. 8. ∼ smb (informal) ренжіту, кейіту, састыру, абдырату, тб ♦The news of her death really threw me. – Оның өлімі мені есеңгіретіп тастады. ♦The speaker was completely thrown by the interruption. – Сөзін бөлгенге сөз сөйлеуші сасып қалды. 9. ∼ smth (нарды ойынындағы ойын тасын, тб) иіру, лақтыру ♦Throw the dice! – Ойын тасын иір! ♦He threw three sixes in a row. – Оның тасы қатарынан үш рет алты болып түсті. 10. ∼ smth (specialist) көзеші ұршығында/ айналма табағында (гончарный круг) балшықтан ыдыс жасау ♦a hand-thrown vase – қолдан жасаған ваза 11. ∼ smth көлеңке не жарық түсіру ♦The trees threw long shadows across the lawn. – Ағаштар көгалға ұзын көлеңке түсірді. 12. ∼ your voice қыңсылай сөйлеу (syn: project) 13. ∼ a punch біреуге жұмырық сермеу, жұдырықпен ұру 14. ∼ a switch (жабдықты, тб) қосу, (электрге) қосып істету 15. ∼ smth ашуланып кету, бұзақылану ♦She'll throw a fit if she finds out. – Біліп қойса, оның жыны ұстайтын болады. ♦Children often throw tantrums at this age. – Балалар осы жасында жиі бұзақыланады. 16. ∼ a party (informal) той-томалақ жасау ♦They threw a party for him on his birthday. – Олар оның туған күнін жасайтын болады. 17. ∼ smth (informal) (ойында, сайыста) әдейі ұтылу ♦He was accused of having thrown the game. – Оны ойынды/ ойында әдейі ұтылды деп айыптады. 18. (phr v) *throw smth aside «шетке лақтыру», бас тарту, доғару ♦Russell had thrown aside his pride and accepted the situation. – Рассел намысын бір шетке ысырды да, жағдайға мойынсұнды/ көнді. *throw smth away (also throw smth out) лақтырып тастау ♦I don't need that - you can throw it away. – Бұның маған қажеті жоқ – тастай салсаң болады. ♦That old chair should be thrown away. – Ана ескі креслоны/ орындықты тастай салу/ лақтырып тастау керек. ♦(ауысп мағ) to throw away an opportunity – мүмкіндікті/ оңтайлы сәтті жіберіп алу/ пайдалана алмай қалу ♦(ауысп мағ) You must take the exam - you can't throw away all that work! – Емтихан тапсырсаңшы – соншама жұмысың зая кете(ді) ме! *throw smth back at smb біреудің қателігін бетіне басу/ есіне салу ♦His unwise remark was frequently thrown back at him by his colleagues. – Оның ағат сөзін (өз) әріптестері оның есіне салып отыратын. *throw smb back on smth біреуді бірнәрсе істеуге/ бір күйге түсуге мәжбүр ету ♦There was no TV so we were thrown back on our own resources. – Онда телевизор болмағандықтан, өз(іміздің) көңілімізді өзіміз ауладық. *throw smth in беретін/ сататын заттың үстіне тағы бірнәрсе қосу/ қосып беру ♦You can have the piano for $200, and I'll throw in the stool as well. – Пианиноны $200-ге алсаң болады, үстіне стулды/ орындықты қосып беремін. ♦(ауысп мағ) Jack threw in the odd encouraging comment. – Джәк жұртты серпілту үшін бірқызық сөз айтты. *throw yourself/smth into smth бірнәрсеге/ бір іске құлшына кірісу/ кірісіп кету *throw smth/smb off a) құтылу, арылу ♦to throw off a cold/your worries/your pursuers – суықтан құтылу/ уайымнан арылу/ қуғыншылардан құтылу b) киімін лақтыра салу/ тастай салу ♦She entered the room and threw off her wet coat. – Ол бөлмеге кірді де су киімін шешіп тастады. *throw smth on үстіне киім кие салу ♦She just threw on the first skirt she found. – Ол қолына іліккен бірінші юбканы кие салды. *throw smth open (to smb) «есікті айқара ашу», бұрын тыйым салған жерге жұртқа кіруге/ баруға рұхсат беру ♦(ауысп мағ) The debate will be thrown open to the audience. – Дебатқа көрермендер де қатыса алатын болады. ♦(ауысп мағ) The organizers are throwing the contest open to under 21s for the first time. – Ұйымдастырушылар алғаш рет сайысқа жиырма бір жасқа дейінгілердің қатысуына рұхсат берді. *throw smb out (of…) «біреуді лақтырып тастау», біреуді кетіру, біреуді кетуге мәжбүр ету ♦You'll be thrown out if you don't pay the rent. – Аренда/ Жал ақшасын төлемесең, үйден шығасың. *throw smth out «лақтыра салу», лақтырып тастау» a) онша ойланбастан ұсыныс айту ♦to throw out a suggestion – ұсыныс айта салу b) ұсынысты/ ойды/ идеяны, тб қабыл алмау/ кері ысыру c) (also throw smth away) керек емес нәрсені (лақтырып) тастау d) түтін/ жарық/ ыстық, тб шығару/ бөлу ♦a small fire that threw out a lot of heat – қатты ысытқан/ ыстық шығарған шағын от e) шатастыру, шатыстыру, қателестіру ♦Our calculations of the cost of our trip were thrown out by changes in the exchange rate. – Ақша айырбасындағы өзгерістер сапарға арнаған шығындарымызды өсіріп жіберді. *throw smb over (old-fashioned) біреумен қарым-қатынасын үзу *throw smb together (адамдарды бір-бірімен) ұшырастыру, жолықтыру, кездестіру ♦Fate had thrown them together. – Тағдыр оларды жолықтырды. *throw smth together апыл-ғұпыл бірнәрсе жасау/ істеу ♦I threw together a quick meal. – Апыл-ғұпыл тамақ жасадым. *throw up (informal) құсу, жүрегі айну, лоқсу, лоблу (syn: be sick) ♦The smell made me want to throw up. – Иістен құсқым келді. *throw smth up (informal) a) құсу, жүрегі айну, лоқсу, лоблу (syn: sick smth up) ♦The baby's thrown up her dinner. – Сәби (ішкен) тамағын құсып тастады. b) (жұртқа) аңғарту, байқату, көргізу, назарына іліктіру ♦Her research has thrown up some interesting facts. – Оның зерттеуі қызық бір фактілерді аңғартты. c) апыл-ғұпыл/ тездетіп салу/ жасау ♦They're throwing up new housing estates all over the place. – Барлық жерде жаңа үй құрылыстарын салуда. d) жұмысын тастау, жұмысынан кету ♦to throw up your career – карьерасын құрту *throw yourself at smth/smb «өзін бірнәрсеге/ біреуге лақтыру» a) бірн-ге/ біреуге жанұшыра жүгіру b) (informal, disapproving) біреуге қырындау/ қылмыңдау B.n 1. (допты) лақтыру, (ойын тасын/ сүйегін/ кубиктерді/ текшелерді) иіру, иіріп тастау ♦a well-aimed throw – көздеп лақтыру ♦It's your throw. – (Тасты) иіретін кезек сенікі. ♦He threw me to the ground with a judo throw. – Ол мені дзюдо әдісімен жықты. ♦a throw of the dice – ойын тасын/ сүйегін иіру/ иіріп тастау ♦a javelin throw of 57 metres – найзаны 57 метрге лақтыру 2. (төсекке, тб жабатын) жамылғы, жапқыш 3. (idm) *$100, £50, etc. a throw(informal) әр нәрсенің құны пәлендей дег мағ ♦The tickets for the dinner were £50 a throw. – Қонақасы жан/ адам басына £50 болды. *a stone’s throw [қ-з: stone (А6)]