tick [tɪk] A.v 1. (сағат, тб ж) тықылдау, соғу ♦In the silence we could hear the clock ticking. – Үнсіздікте сағат тықылын ести алдық. ♦a ticking bomb – (ағытылған, қойған) сағат-бомба ♦∼ away While we waited the taxi's meter kept ticking away. – Күтіп отырғанда такси счетчигі/ өлшеуіші тықылдап жатты. 2. ∼ smth (BrE) (NAmE check) (✓) белгісін (галочка) қою ♦Please tick the appropriate box. – Әр шаршыға белгі қой. ♦Tick ‘yes’ or ‘no’ to each question. – Әр сұраққа «иә» не «жоқ» деп белгіле. 3. (idm) *the clock is ticking (down) «сағат тілі тықылдауда», көп уақыт қалмады ♦The clock is ticking down to midnight on New Year’s Eve. – Жаңа жыл келетін түн ортасы жақындап келеді. *tick all the/smb’s boxes (BrE, informal) біреуге толықтай ұнау/ жағу ♦This is a movie that ticks all the boxes. – Бұл - қай жағынан да жақсы фильм. ♦The house we would like to buy ticks all our boxes. – Сатып алғымыз келетін үй көңлімізге сондай жағады. *what makes smb tick біреуге әсер ету ♦I've never really understood what makes her tick. – Оның неге өйтетінін онша ешбір ұқпаппын. 4. (phr v) *tick away/by/past (уақыт ж) өту, жылжу ♦I had to get to the airport by two, and the minutes were ticking away. – Аэропортта сағат екіде болуым керек еді, минуттар сырғып жатты. *tick smth away (сағат, тб ж) уақытты көрсету ♦The clock ticked away the minutes. – Сағатта минуттар сырғып жатты. *tick smb off a) (BrE, old-fashioned, informal) ұрсу, ұрси сөйлеу (syn: tell smb off) ♦I was always being ticked off for messy work. – Нашар жұмыс істедің деп маған ұрсатын да жататын. b) (NAmE, informal) ашуландыру, мазасын алу ♦It really ticked me off when he said I was late. – Ол маған кешіктің дегенде жыным келді. *tick smb/smth off (BrE) (NAmE check smb/smth off) (✓) белгісін (галочка) қою ♦I’ve ticked off the names of all those present. – Қатысып отырған адамдардың бәрінің атын белгіледім. *tick over (BrE) a) (көлік бір орында тұрғанда мотор) айналып тұру, оталып тұру (syn: idle) ♦The cab was waiting outside, the engine ticking over. – Такси сыртта оталған күйі күтіп тұрды. b) (жұмыс, жүйе, тб ж) ақырын/ әшейін жұмыс істеп жату ♦Just keep things ticking over while I'm away. – Мен жоқ кезде жұмысқа бас-көз бол. ♦The business is ticking over nicely at the moment. – Іс қазір жақсы жүруде. B.n 1. (BrE) (NAmE check mark, check) (✓) белгісі (галочка) ♦Put a tick in the appropriate box if you would like further information about any of our products. – Өнімдеріміз жайлы көбірек информация керек болса, тиісті шаршыға белгі қойыңыз. 2.кене, жеркене, таскене (адамды, жануарды шағатын титтей жәндік) (клещ) ♦a tick bite – кененің шағысы/ шағуы 3. (also ticking) тықыл (сағаттың, тб) ♦The only sound was the soft tick of the clock. – Сағаттың ғана жұмсақ тықылы естіліп тұрды. 4. (BrE, informal) (бір) сәт ♦Hang on a tick! – Бір сәт(ке) күте тұр! ♦I'll be with you in two ticks. – Қасыңда екі сәтте/ секундта боламын. 5. (idm) *on tick (BrE, old-fashioned, informal) қарызға, кредитке ♦Can I have these on tick? – Мыналарды қарызға ала тұрсам бола(ды) ма?