tidal wave [ˈtaɪdl weɪv] n 1. (жер сілкінісінен не дауылдан пайда болған мұхиттағы) тасқынды толқын, жойқын толқын ♦According to one account, the explosion caused a tidal wave 20 m high. – Бір дерек көзі жарылыс биіктігі 20 метр жойқын толқын туғызды дейді. ♦Several villages were destroyed by a huge tidal wave. – Жойқын толқын бірнеше ауылды жойды. 2. ∼ (of smth) қауырт/ күрт арту/ өсу ♦a tidal wave of crime – қылмыстың күрт өсуі