tie

tie [taɪ] A.v 1.байлау, буу, түю, буып-түю ♦∼ smth She tied the newspapers in a bundle. – Ол газеттерді бір бума етіп буды. He had to tie her hands together. – Ол (еркек) оның (әйелдің) қолдарын біріктіре байлауға мәжбүр болды. They tied him to a chair with cable. – Олар оны кабельмен креслоға байлады. ♦∼ smth Shall I tie the package or tape it? – Орамды буайын ба, жоқ таспамен орайын ба? 2. ∼ smth бекіту, қыстыру, мықтау ♦She tied a label on to the suitcase. – Ол этикетканы/ таңба қағазды чемоданға бекітті. 3. ∼ smth түю, түйіндеу, түйін түю, байлау ♦to tie a ribbon – таспаны/ бантикті түю Can you help me tie my tie? – Галстугімді байлап бере аласың ба? He tied his shoes. – Ол аяқ киімін(ің бауын) байлады. ♦∼ smth in smth I tied a knot in the rope. – Арқанды түйдім/ түйіндедім. 4.түймеле(н)у, бекіт(іл)у, ұстат(ыл)у, тб ♦The skirt ties at the waist. – Юбканы белінен түймелейді. 5.байланысты ету, ұштастыру ♦be tied (to smth/smb) Pay increases are tied to inflation. – Жалақының өсуі инфляцияға байланысты. Their company's future is closely tied to our own. – Олардың компаниясының келешегі біздікімен байланысты. The house is tied to the job, so we'll have to move when I retire. – Үйді жұмыс береді, сондықтан пенсияға шыққанда бұдан кетуіміз керек. 6. «байлану», міндетті болу, мәжбүр болу ♦be tied (by smth) to be tied by a contract – контрактіге «байлану» be tied to smth I want to work but I'm tied to the house with the baby. – Жұмыс істегім-ақ келеді, алайда үйде бала қарап отырмын. be tied to doing smth I don't want to be tied to coming home at a particular time. – Үйге пәлен уақытта келемін/ келіп тұрамын деп өзімді міндеттегім келмейді. 7. (ойын, тб ж) тең ойнау/ түсу (syn: draw) ♦∼ (with smb) England tied 2–2 with Germany in the first round. – Бірінші айналымда Англия Германиямен 2-2 (екі де екі) болып тең ойнады. ♦∼ for smth They tied for second place. – Олар екінші орынды бөлісті. ♦∼ smth The scores are tied at 3–3. – Ұпай - 3-3 (үш те үш). Last night's vote was tied. – Кешегі сайлау нәтижесі тең болды. 8. ∼ smth бірдей ноталарды лигамен жалғау (связать одинаковые ноты по связующей лиге) 9. (idm) *(tied to) smb’s apron strings [қ-з: string (А9)] *bind/tie smb hand and foot қол-аяғын байлау; тұсау *have your hands tied [қ-з: hand (А11)] *tie smb/yourself (up) in knots [қ-з: knot (А7)] *tie the knot [қ-з: knot (А7)] *tie one on (NAmE, informal) удай мас болу 10. (phr v) *tie smb down (to smth/to doing smth) шектеу, тұсау ♦Kids tie you down, don't they? – Балалар (кісіні) тұсап тастайды (яғни, кісінің бар уақты балалармен өтеді), солай емес пе? I don't want to tie myself down to coming back on a particular date. – Өзімді пәлен күні ораламын деп міндеттегім келмейді. *tie in (with smth) дәл/ дөп/ тура келу, байланыстыру, ұштастыру, сай/ сәйкес ету ♦This evidence ties in closely with what we already know. – (Бұл) айғақ біз білетін жайттармен дәл/ дөп келеді. *tie in (with smth) | tie smth in (with smth) ​байланысты ету, ұштастыру, жалғастыру ♦The concert will tie in with the festival of dance taking place the same weekend. – Концерт сол апта соңында өтетін би фестивалімен қатар болады. *tie smth off (ұшын) түю, байлау ♦to tie off a rope – арқан ұшын түю/ байлау to tie off an artery – қан тамыр ұшын байлау/ түю *tie up | tie smth up a) қайықты байлау/ арқандау ♦We tied up alongside the quay. – Айлақ маңында қайық байладық. We tied the boat up. – Қайықты байладық. b) түю, байлау, түйіндеп байлау ♦to tie up a garbage bag – қоқыс қабын байлау *tie smb up біреудің қол-аяғын байлап-матап тастау ♦The gang tied up a security guard. – Содырлар күзетшіні байлап тастады. ♦(ауысп мағ) I'm tied up in a meeting until 3. – Жиналыстан сағат үшке дейін босай алмаймын. *tie smth up a) (жануарды жіпке) байлау ♦He left his dog tied up to a tree. – Ол итін ағашқа байлап кетті. b) байланысты болу ♦Her behaviour is tied up with her feelings of guilt. – Ол өзін кінәлі сезінгендіктен солай жүріп-тұрады. c) be tied up in smth (ақша ж) бірнәрсеге арналу/ қойылу/ құйылу ♦Most of the capital is tied up in property. – Капиталдың көбі үй-жайға құйылған d) бітіру, аяқтау ♦We are hoping to tie up the deal by tomorrow. – Контрактіге ертең қол қоямыз деп отырмыз. I went into the office for an hour to tie up any loose ends. – Офиске барып бітпеген ұсақ-түйек шаруаларды бітірдім. B.n 1. (NAmE also necktie) галстук ♦He was dressed impeccably in a suit and tie. – Ол мінсіз костюм киіп, галстук тағыпты. They prefer their employees to wear a shirt and tie. – Олар қызметкерлерінің жейде киіп, галстук таққанын қалайды. 2.бау, таспа, бекітпе ♦ties for closing plastic bags – пластик сумкаларды жабатын баулар 3.байланыс, (қарым-)қатынас ♦family ties – отбасылық/ семьялық байланыстар/ қатынастар diplomatic/economic/bilateral ties – дипломатиялық/ экономикалық/ екіжақты қатынастар emotional ties – қас-қабақпен түсіністік the ties of friendship – достық қатынастар 4.шектеу, тежеу, тұсау, бөгет ♦He was still a young man and he did not want any ties. – Ол әлі жас еді, өзін ешнәрсенің тежегенін қаламады. They have broken the ties that bound them. – Олар өміріндегі бөгетті бұзды. 5. (ойындағы, тб) тең нәтиже/ ұпай ♦The match ended in a tie. – Матч тең аяқталды. 6. (BrE) (спорттық) ойын, матч, кездесу ♦the first leg of the tie between Leeds and Roma – Лидс пен Рома арасындағы матчтың бірінші ойыны. 7.муз-қ нотадағы лига (шалқасынан жатқан доға пішінді белгі) 8. = sleeper (4)