tight [taɪt] A.adj (tighter, tightest) 1.қатты қысқан/ қысылған/ ұстаған; қозғау қиын, мықты орныққан ♦He kept a tight grip on her arm. – Ол оның білегінен қысып ұстады. ♦She twisted her hair into a tight knot. – Ол шашын бұрай қатты түйді. ♦The screw was so tight that it wouldn't move. – Шуруптың/ Бұранданың қаттылығы сонша, қозғалмады. ♦Dave's arms were tight around her waist. – Дэйв оның (қыздың) белінен қыса құшақтаған. 2.тар(лау), аздап тар, шап-шақ (opp: loose) ♦She was wearing a tight pair of jeans. – Ол тыртита/ шап-шақ джинсы киіп алыпты. ♦These shoes are much too tight. – Мына аяқ киім - тегі тар. ♦The new sweater was a tight fit. – Жаңа свитер шап-шақ екен. ♦The dress is a little tight across the chest. – Көйлектің кеудесі - аздап тарлау. 3.тапшы, аз, жетпеген; тығыз; қысқа, тб ♦We have a very tight budget. – Ақшамыз – аз. ♦The president has a tight schedule today. – Бүгін президенттің программасы – тығыз. ♦The deadline for finishing the project is too tight. – Жобаны аяқтау мерзімі – қып-қысқа. ♦I think we'd better leave - time's getting very tight. – Кеткеніміз дұрыс-ау, уақыт қалмай бара жатыр. ♦As always, money is tight. – Ақша қашан да жетпейді. 4.қатаң, қатал ♦to keep tight control over something – бірнәрсені қатаң бақылау ♦Dozens of streets are being closed and security is tight. – Талай көшені жауып жатыр, қауіпсіздік (шаралары) – қатаң. ♦tight restrictions/regulations – қатаң шектеулер/ ережелер 5.барынша/ қатты керілген/ тартылған ♦The rope was stretched tight. – Арқанды барынша керіпті. 6.тығыз/ нығыздала/ қысыла орналасқан ♦There was a tight group of people around the speaker. – Сөйлеушінің қасында адамдар қаптап тұрды. ♦With six of us in the car it was a tight squeeze. – Машинаға алтаумыз қысыла/ нығыздала сыйдық. ♦She managed to reverse into a tight parking space. – Ол тар гаражда машинаны артқа бере алды. 7. қобалжыған, абыржыған, абдыраған ♦‘I'm sorry,’ she said, with a tight smile. – «Ғафу ет(іңіз)», деді ол абыржи жымия. 8. (денесінің бір жері) түйнеген, шаншыған; өзін жайсыз сезінген (syn: constricted) ♦He complained of having a tight chest. – Ол кеудем түйнеп тұр деп шағымданды. ♦Her throat felt tight, just looking at her baby. – Өз сәбиіне қарап, тамағы қыстықты. 9.тұйық, өзара тығыз араласқан, бұрыннан таныс (адамдар) ♦It was a tight community and newcomers were not welcome. – Бұл тұйық (бір-бірін бұрыннан білетін) қауым еді, жаңадан келгендерді жолата/ жуыта бермейтін. 10.кілт/ күрт бұрылатын, тар ♦The driver slowed down at a tight bend in the road. – Жолдың тар/ кілт бұрылмасында жүргізуші баяулады. ♦The plane flew around in a tight circle. – Самолет тар шеңбер бойын айнала ұшты. 11. (бір-біріне) беріспеген, қалыспаған, иық тірескен, текетірескен (syn: close) ♦a tight race – беріспеген жарыс 12. (informal, disapproving) сараң, (ақшаға) қатты, қызғаншақ, шығайбай (syn: mean) ♦He's very tight with his money. – Ол - ақшаға өте қатты. 13. (old-fashioned, informal) мас (syn: tipsy) 14. (суық, ыстық, тб) өткізбейтін, шыдамды ♦measures to make your home weathertight – үйді ауа-райыға төзімді ету шаралары 15. (idm) *in a (tight) spot | in a tight corner [қ-з: spot (А9)] *keep a tight rein on smb/smth [қ-з: rein (А2)] *run a tight ship [қ-з: ship (А2)] B.adv (tighter, tightest) 1.қатты қыса, мықтай, мығым, тығыз, нығыз, тб ♦Hold tight! – Мықтап ұста! ♦My suitcase was packed tight. – Чемоданыма заттар нығыздай салынған еді. ♦His fists were clenched tight. – Жұмырықтарын қатты түйе ұстады. ♦She hugged him tight. – Ол оны қыса құшақтады. 2. (idm) *sit tight [қ-з: sit (10)] *sleep tight [қ-з: sleep (А3)]