time [taɪm] A.n 1.уақыт, шақ, кезең, мерзім, мезгіл, кез, сағат, мезет; заман, дәуір; жас ♦The world exists in time and space. – Әлем уақыт пен кеңістікте өмір сүреді. ♦the passage of time – уақыттың сырғуы/ өтуі ♦in ∼ A visit to the museum will take you back in time to the 1930s. – Музей 1930 жылдардағы заманды көрсетеді. ♦At this point in time... – Осы күндері... ♦over ∼ Perceptions change over time. – Ұғымдар уақыт өте өзгереді. ♦As time goes on I love this city more and more. – Уақыт өте осы қалаға бауыр басып барамын. ♦As time went by we saw less and less of each other. – Уақыт өте бір-бірімізді сирек көретін болдық. ♦The main character is able to travel through time. – Басты кейіпкер уақыт арқылы сапар шеге алады. ♦What time is it/What’s the time? – Сағат/ уақыт қанша (болды)? ♦Do you have the time? – Уақтың бар ма? ♦The time is now half past ten. – Сағат он жарым болды. ♦(BrE) Can she tell the time yet?/ (NAmE) Can she tell time yet? – Ол сағат қанша екенін (сағатына қарап) айта алады ма екен? ♦My watch keeps perfect time. – Сағатым мінсіз жүреді. ♦Look at the time! We'll be late. – Сағатқа қара! Кешігеміз. ♦This time tomorrow I'll be in Canada. – Ертең осы уақытта Канадада боламын. ♦6 o’clock local time – жергілікті сағат – алты ♦We're two hours behind Central European Time. – Бір Орталық Европа уақтынан екі сағат қалықпыз/ кейінбіз. ♦What time do you finish work? – Жұмысты қашан бітіресің/ аяқтайсың? ♦The baby loves bath time. – Сәби ваннаға түскенді жақсы көреді. ♦The promotion came at just the right time for me. – Жұмысым дер кезінде жоғарылады. ♦The new product will launch when the time is right. – Жаңа өнім уақты келгенде/ дер кезінде шығады. ♦It took them a long time to get home. – Олар үй(лер)іне ұзақ уақыт жетті. ♦Did you have to wait a long time to see the doctor? – Дәрігерге көрінетін уақтың бар ма? ♦for a ∼ I lived in Egypt for a time. – Біраз уақыт Египетте тұрдым. ♦I was only there for a short time. – Онда аз ғана уақыт болдым. ♦in ancient times – ежелгі заман(дар)да ♦The Industrial Revolution took place in Victorian times. – Индустриялық революция Виктория дәуірінде/ заманында болды. ♦Did you have a good time in Spain? – Испанияға қалай барып-қайттың? ♦I had an awful time in the hospital. – Ауруханада сұмдық қиналдым. 2.уақыт, кез, жол, рет, тб ♦Every time I hear that song I feel happy. – Сол әнді тыңдаған сайын жаным жай табады. ♦It doesn't matter if you don't win every time. – Ылғи да ұта беру міндет емес. ♦Next time you're here let's have lunch together. – Келесі жолы осында болғаныңда бірге отырып шай ішелік/ тамақтаналық. ♦He failed his driving test three times. – Ол машина айдау емтиханынан/ сынағынан үш рет құлады. ♦He's determined to pass this time. – Осы жолы ол сынақтан өтемін деп (оқталып) отыр. ♦When was the last time you saw her? – Оны соңғы рет қашан көріп едің? ♦I see her two or three times a week. – Оның аптасына екі не үш рет көремін. ♦How many times do I have to tell you not to do that? – Өйтпе деп саған қанша рет айтамын? ♦(especially NAmE) I remember one time we had to abandon our car in the snow. – Бір рет машинамызды қарда қалдыруымызға тура келді. ♦(formal) At no time did I give my consent to the plan. – Ешқашан жоспарға келісім(імді) берген емеспін. 3. (музыкада) ырғақ, ритм 4. (idm) *(and) about time (too) | (and) not before time осыған дейін болуы керек еді *against time барынша тез/ шапшаң, жанұшыра ♦They're working against time to try and get people out of the rubble alive. – Олар қирандыдан адамдарды аман алып шығу үшін жанұшыра әрекеттенуде. *ahead of/behind time ойлағаннан/ күткеннен ерте(рек)/ кеш(ірек) ♦We finished 15 minutes ahead of time. – Біз 15 минут ерте бітірдік. ♦The plane took off an hour behind time. – Ұшақ уақтынан бір сағат кеш ұшты. *ahead of your time уақытынан/ заманынан ерте, ойы озық/ көреген *all the time | the whole time a) бүткіл уақыт бойы, бар уақыт ♦The letter was in my pocket all the time. – (Іздеп жүрсем,) хат бар уақыт қалтамда болыпты. b) ылғи, әр уақыт, жиі, қашан да ♦She leaves the lights on all the time. – Ол шамды/ жарықты қашан да өшірмей кетеді. *at all times ылғи, әр уақыт, қашан да ♦Our representatives are ready to help you at all times. – Өкілдеріміз қашан да сізге жәрдемдесуге әзір. ♦Hot water is available at all times. – Ыстық су қашан да бар. *at the best of times ең жақсы кездерде де ♦He's never very happy at the best of times - he'll be much worse now! – Ең жақсы кездерде де ол риза емес – енді оның жағдайы өте нашар болмақ! *at the same time a) сонымен бірге, сондай-ақ, сол сәтте, сөйте тұра ♦She was laughing and crying at the same time. – Ол сол бір сәтте күліп те, жылап та жатты. b) сондай-ақ, сонымен қатар ♦You have to be firm, but at the same time you should try and be sympathetic. – Берік болуың керек, сондай-ақ бауырмал да болуға тырыс. *at a time жеке, бір-бірден, екі-екіден, үш-үштен, тсс ♦We had to go and see the principal one at a time. – Директорға бір-бірлеп баруымыз керек болды. ♦She ran up the stairs two at a time. – Ол жоғары қарай бір басқанда екі басқыштан аттай жүрді. ♦He surfs the internet for hours at a time. – Ол интернетке бір отырғанда сағаттап отырады. *at my, your, his, etc. time of life менің/ сенің/ оның жасында ♦Eyesight doesn't get any better at my time of life. – Менің жасымда көз жанары жақсармайды. *at times кейде ♦He can be really bad-tempered at times. – Оның кейде қозып/ кіжініп кететіні бар. ♦The rain will become heavy at times in the afternoon. – Кейде жауынның түстен кейін құйып кететіні бар. *beat time (to smth) [қ-з: beat (А8)] *before my, your, his, etc. time a) мен туғаннан/ жұмыс істей бастағаннан бұрын ♦They say he was a great actor but that was before my time. – Оны керемет актер болған дейді, алайда бұл мен туғанға дейін болған. b) (уақытынан, жасынан) ерте ♦She got old before her time. – Ол жасынан ерте қартайды. (syn: prematurely) *behind the times ескішіл, көне идеяларға/ әдістерге бүйрегі бұратын *be in the right place at the right time [қ-з: place (А14)] *be (living) on borrowed time «қарызға алған уақытқа өмір сүру», өледі деген адамның әлі тірі болуы; әрең, әзер, қалт-құлт ете ♦He’s been living on borrowed time ever since his last heart attack. – Ол жүрек талмасына/ инфарктке ұшырағалы бері қалт-құлт етіп өмір сүруде. ♦(ауысп мағ) According to the latest opinion polls, the government is living on borrowed time. – Кейінгі сауалнама (опрос общ-го мнения) бойынша, үкіметтің күні санаулы. *better luck next time (informal) келесі жолы сәті түседі/жолың болады *bide your time өз уақытын күту, оңтайлы мезетті күту *buy time [қ-з: buy (A4)] *call time (on smth) (BrE) бітетін/ аяқтайтын уақыт болды деу *a devil of a job/time [қ-з: devil (3)] *do time (informal) түрмеде/ абақтыда болу *every time қашан да, әрқашан, қай кезде де ♦I don't really like cities - give me the countryside every time. – Қаланы, шынында, жақсы көрмеймін – ауылды аңсап тұрамын. *for old times’ sake [қ-з: sake 1] *for the time being әзірге, әзірше, уақытша ♦You can leave your suitcase here for the time being. – Чемоданыңды әзірше осында қалдыра тұрсаң болады. *from that time/day forth (literary) сол күннен/ уақыттан/ кезден бастап/ бері ♦From that time forth she gave me endless friendship and encouragement. – Сол күннен бастап ол маған шексіз дос болып, қолдады. *from time to time кейде, анда-санда, ара-тұра ♦She has to work at weekends from time to time. – Анда-санда оның апта соңдарында істеуі керек. *gain time уақыт ұту/ созу *give smb a hard time [қ-з: hard (A11)] *give me smth/smb (any day/time) [қ-з: give (A18)] *have an easy time (of it) [қ-з: easy (A6)] *have a high old time [қ-з: old (9)] *have a lot of time for smb/smth (informal, especially BrE) біреуді/ бірн-ні жақсы көру, қызығу ♦I've always had a lot of time for Mary. – Мәримен қашан да бірге болғым келеді. *have no time for smb/smth | not have much time for smb/smth (informal) «уақыты болмау», жақтырмау ♦I have no time for lazy people like Steve. – Стив сияқты жалқауларға уақтым жоқ. *have a thin time (of it) (BrE, informal) көптеген қиындықтары болу; ісі оңға баспау ♦He’s had a thin time of it since losing his job. – Жұмыстан шығып қалғалы бері ол қатты қиналды. *have the time of your life (informal) рахаттану, қызыққа бату *have time on your hands | have time to kill (informal) бекер болу, қолы бос болу *have a whale of a time (informal) рахаттану, қызыққа бату, уақытын қызықты өткізу ♦The kids had a whale of a time at the theme park. – Ойын-қызық паркінде балалар бір рахаттанды. *in the course of time уақыт өте, ақыры (syn: eventually) ♦In the course of time, I began to understand. – Уақыт өте, ұға бастадым. *in the fullness of time (оңтайлы, дұрыс) уақыт/ кез болғанда ♦I have no doubt that she’ll tell us in the fullness of time. – Кезі келгенде оның бізге (не болғанын) айтатынына шүбәм жоқ. *in good time ерте, алдын ала ♦Get to the airport in good time. – Аэропортқа ерте жет(іп ал). *(all) in good time (informal) (оңтайлы, дұрыс) уақыт/ кез болғанда ♦Be patient, Emily! All in good time. – Шыда, Эмили! Әр нәрсенің өз уақыты болады. *in the nick of time [қ-з: nick (A3)] *in (less than/next to) no time өте тез/ шапшаң, әне-міне дегенше ♦We’ll be there in no time. – Онда қазір жетеміз. *in olden times (also in the olden days) баяғы/ ерте заманда *in your own sweet time/way [қ-з: sweet (A9)] *in your own (good) time (informal) дайын/ әзір болғанда/ болған кезде ♦Don't hassle him! He'll do it in his own good time. – Оны асықтырма! Дайын болғанда өзі істейді. *in your own time бос кезінде/ уақытында *in time уақыт өте, ақыры (syn: eventually) ♦You'll get used to the work in time. – Уақыт өте жұмысқа үйреніп кетесің. *in time (for smth/to do smth) уақытында, кешікпей, дер кезінде ♦Will we be in time for the six o'clock train? – Сағат алтыдағы пойызға үлгереміз бе? ♦The ambulance got there just in time. – Жедел жәрдем дер кезінде жетті. *it’s about/high time (informal) уақыт болды/ келді ♦It's about time you cleaned your room! – Бөлмені тазалайтын уақтың болды! *it’s just/only a matter of time (before…) [қ-з: matter (A7)] *keep up/move with the times заманнын/ уақыттан қалмау ♦Many complained that the Royal Family had failed to move with the times. – Көбі король үй-іші заманына ілесе алмады деп шағымданды. *kill time | kill an hour, a couple of hours, etc. [қ-з: kill (A4)] *long time no see (informal) талай уақыт болды көрмегелі *make good, etc. time тез сапарлау, тез барып-қайту ♦We made excellent time and arrived in Spain in two days. – Сапарымыз жақсы болып, Испанияға екі күнде жеттік. *make up for lost time жоғалған уақыттың орнын толтыру ♦I’ll have to work hard now to make up for lost time. – Енді аянбай істеп, жоғалған уақыттың орнын толтыруым керек. *many a time | many’s the time (that)… (old-fashioned) талай/ көп рет; жиі *mark time [қ-з: mark (A10)] *(the) next, first, second, etc. time round [қ-з: round (В9)] *nine times out of ten | ninety-nine times out of a hundred [қ-з: nine (2), ninety (3)] *ninety-nine times out of a hundred [қ-з: ninety (3)] *(and) not before time | (and) about time (too) осыған дейін болуы керек еді *not give smb the time of day (жақтырмағандықтан не сыйламағандықтан) біреумен сөйлеспеу ♦Since the success of her novel, people shake her hand who once wouldn't have given her the time of day. – Романы табысты болғалы бері кезінде оны көзге ілмегендер қол беріп амандасатын болды. *(there is) no time like the present [қ-з: present (B4)] *of all time бар(лық) замандағы/ кездегі/ уақыттағы ♦Many rated him the best singer of all time. – Оны көбі бар(лық) замандағы ең үздік/ жақсы әнші деп бағалаған. *once upon a time [қ-з: once (A4)] *on time уақытында, дер кезінде ♦The train arrived right on time. – Пойыз (дәл) уақытында келді. *pass the time of day (with smb) біреумен амандасып, шүйіркелесу *play for time уақыт ұтуға/ созуға тырысу ♦His legal team, clearly playing for time, sought to have the case heard a month later. – Оның юристері уақытты әдейі созып, істі бір ай кеш(іктіре) қаратуға тырысты. *a race against time/the clock [қ-з: race (A7)] *a sign of the times [қ-з: sign (A6)] *a stitch in time (saves nine) [қ-з: stitch (A5)] *take it/things one day at a time [қ-з: thing (8)] *take your time (over smth) | take your time to do smth /doing smth a) асықпай ойланып істеу ♦There's no rush - take your time. – Асықпай, ойланып істе. b) асықпау, кешігу ♦You certainly took your time getting here! – Ұзақ уақыт жүріп алдың ғой! *take time out үзіліс жасау; уақытша тынығу; уақыт бөліп бірнәрсе істеу ♦She is taking time out from her music career for a year. – Ол музыкалық карьерасынан бір жылға үзіліс алуда. *there’s a first time for everything (saying, humorous) басқа бір келер/ түсер, әйтеуір бір болады *third time lucky (US third time is the charm) [қ-з: lucky (4)] *time after time | time and (time) again жиі; көп жағдайда, талай рет ♦Time and again, the girls have shown how strong and determined they can be. – Қыздар қаншалықты мықты да өжет бола алатынын талай рет көрсеткен. *time and a half бір жарым есе көп (төлем) ♦We get time and a half on Sundays. – Жексенбі күндері бізге бір жарым есе көп төлейді. *time flies (saying) уақыт ұшады/ заулайды/ самғайды ♦Time has flown since the holiday began. – Демалыс басталғалы бері уақыт зу ете шықты. *time is money (saying) уақыт – ақша, уақытты рәсуа етуге болмайды *time is on your side уақыт сенің жағыңда, бір іске асықпай кіріссең болады *time was (when)… (old-fashioned) бір кездері/ заманда пәлендей болып еді ♦Time was when we never needed to lock our house at night. – Бір кездері үйімізді түнде тегі құлпыламайтынбыз. *time (alone) will tell | only time will tell (saying) уақыт көрсетеді, кезінде белгілі болады *the whole time | all the time a) бүткіл уақыт бойы, бар уақыт ♦The letter was in my pocket whole the time. – (Іздеп жүрсем,) хат бар уақыт қалтамда болыпты. b) ылғи, әр уақыт, жиі, қашан да ♦He drums his fingers on the table the whole time - it's very annoying. – Ол ылғи саусақтарымен столды тықылдатады – мазаны алады. B.v 1.қанша(лықты) уақыт кететінін өлшеу, уақыт(ты) өлшеу ♦∼ smth ‘How long does it take to get to Leeds from here?’ ‘I don’t know, I’ve never timed it.’ – «Бұдан Лидске дейін қанша сағат?» «Білмеймін, еш өлшемеппін». ♦∼ smth at smth The winner was timed at 20.4 seconds. – Жеңімпаз 20.4 секундта келді. ♦∼how long… Time how long it takes you to run ten laps. – Он айналымды қанша уақытта жүгіретініңді өлше. ♦Time how long it takes you to answer the questions. – (Бұл) сұрақтарға қанша уақытта жауап беретініңді өлше. 2.уақытын/ уақыт бойынша ойластыру/ пысықтау ♦∼ smth for smth She timed her arrival for shortly after 3. – Ол сағат үштен сәл аса келемін деп жоспарлады. ♦be… timed Their visit was perfectly timed. – Олардың сапары дұрыс кезде болды. ♦The runners set off at precisely timed intervals. – Жүгірушілер араларына дәл (өлшенген) уақыт сала жүгіре бастады. ♦Their request was poorly timed. – Олар ұсыныстарын дұрыс кезде жасамады. ♦She timed the pass perfectly. – Ол пасты дер кезінде берді. ♦a beautifully timed shot – дер кезінде жасалған әдемі соққы 3. (phr v) *time out | time smth out (компьютер программасы не жұмысы ж) өшіп қалу, үзіліп кету ♦My satellite connection timed out - it was so frustrating. – Спутниктік байланысым үзіліп қалды – қырсық шалды.