tinge [tɪndʒ] A.v ∼ smth (with smth) сәл бояу/ рең(к) қосу ♦white petals tinged with blue – көк түстің табы бар ақ гүл күлтелері ♦Pink tinged her pale cheeks. – Оның боз бет ұшы қызғылттанды. ♦The sky was tinged with crimson. – Аспанда қарақызыл түстің табы болды. ♦(ауысп мағ) a look of surprise tinged with disapproval – жақтырыңқырамай аң-таң болу ♦(ауысп мағ) Sadness tinged his voice. – Даусында мұң табы болды. B.n аздаған бояу/ сезім, тб табы ♦to feel a tinge of envy – іші қызғаныштан қылп ету ♦There was a faint pink tinge to the sky. – Аспанда сәл қызғыл реңк табы болды.