tingle [ˈtɪŋɡl] A.v (дененің бір тұсы ж) шымшылағандай/ жыпырлай қадалғандай сезім болу, шымырлау, жыбырлау, шіміркену ♦The cold air made her face tingle. – Суық ауа бетін шымырлатты. ♦a tingling sensation – шымшылаған/ шымырлаған сезім ♦(ауысп мағ) She was still tingling with excitement. – Оның толқу сезімі әлі де шымырлап жатты. B.n (also tingling) (денесі) шымырлау, жыбырлау, шіміркену ♦As she warmed her hands by the fire, she felt a tingle in her fingers. – Қолдарын отқа жылытқанда саусақтарының шымырын сезді. ♦The sound sent a tingle up my spine. – Дыбыс жұлынымды шымырлатты/ шіміркендірді. ♦(ауысп мағ) to feel a tingle of excitement – денесі толқи шымырлау ♦(ауысп мағ) They felt a tingle of anticipation as the aircraft raced along the runway. – Самолет ұшу алаңымен жүгіре бастағанда олардың бойын тағатсыздық шымырлатты.