tip

tip [tɪp] A.n 1.аздаған ақыл/ кеңес (syn: hint) ♦∼ on/for doing smth handy tips for buying a computer – компьютер сатып алуға пайдалы кеңестер ♦∼ on/for smth useful tips on how to save money – ақшаны қалай үнемдеу жөнінде пайдалы кеңестер 2. (informal) (жарыстың нәтижесінің қандай болатыны жөніндегі) эксперт/ маман пікірі, болжам ♦a hot tip for the big race – үлкен жарыс туралы ең керек болжам 3. (NAmE) (also tip-off especially BrE) (informal) (біреудің заңсыз әрекеті жайлы полицияға, тб айтылған) құпия хабар, білдіртпей көрсету ♦The man was arrested after an anonymous tip. – Біреу білдіртпей хабарлағаннан соң әлгі кісіні тұтқындады. 4. (официанттарға, тб беретін) шайлық ақша, чаевые ♦to leave a tip – шайлық қалдыру He gave the waiter a generous tip. – Ол официантқа мол шайлық қалдырды. 5.ұш (саусақтың, тб) ♦the tips of your fingers – саусақ ұштары the tip of your nose – мұрын ұшы the northern tip of the island – аралдың солтүстік ұшы a walking stick with a rubber tip – ұшы резина жүру таяғы 6. (also rubbish tip) (BrE) қоқыс жиятын орын/ тұс 7. (BrE, informal, disapproving) ыбырсыған/ шашылған орын (syn: dump) Their flat is a tip! – Пәтерлері ыбырсып жатыр! 8. (idm) *on the tip of your tongue тілдің ұшында (яғни, бірнәрсені білесің, бірақ есіңе түсіре алмай тұрсың) *the tip of the iceberg «айсбергтің/ мұзтаудың ұшы», үлкен проблеманың ұшы/ шеті ғана ♦This figure represents only the tip of the iceberg, since as many as 90% of cases go unreported. – Бұл сан/ цифр мұзтаудың ұшы ғана, себебі бұндай мәселелердің 90%-і беймәлім болып қала береді. B.v 1. (официантқа, тб) шайлық ақша беру (дать чаевые) ♦∼ smb smth She tipped the porter a dollar. – Ол жүк тасушыға бір доллар шайлық берді. 2. (бір жаққа/ бүйірге) жантаю, қисаю; еңкею; шалқаю (syn: tilt) ♦The boat tipped to one side. – Қайық бір жағына/ бүйіріне жантайды. The seat tips forward to allow passengers into the back. – Орындық еңкейіп, жолаушылар артқа өте алады. She tipped her head back and laughed loudly. – Ол шалқайып, қарқылдай күлді. He tipped the wheelbarrow on its side. – Ол қол арбаны жантайтып қойды. 3. ∼ smth/smb ыдысты жантайтып ішіндегісін төгу ♦She tipped the dirty water down the drain. – Ол лас суды канализацияға төкті. The bus stopped abruptly, nearly tipping me out of my seat. – Автобус кілт тоқтағанда, орнымнан ұшып кете жаздадым. 4. ∼ smth қол(ының) ұшы тию, қолымен жанау ♦The goalkeeper just managed to tip the ball over the crossbar. – Қақпашы әрең дегенде қолының ұшымен допты маңдайшадан асырды. 5. ∼ (smth) (BrE) қоқыс тастау, ластау ♦‘No tipping.’ – «Қоқыс тастамаңыз!» 6. (especially BrE) табысты/ сәтті болады деп болжау ♦be tipped for smth The band is being tipped for the top. – Муз-қ топты алға шығады дейді. The film is being hotly tipped for Oscar success. – Фильмді Оскар ұтады дейді. be tipped as smth The senator has been tipped by many as a future president. – Сенаторды көп(теген) адам болашақ президент дейді. 7. (бірн-ң) ұшын/ шетін бояу/ үстін бірнәрсемен қаптау ♦be tipped with smth The wings are tipped with yellow. – Қанаттардың ұшын сарыға бояды. 8. (idm) *I tip my hat to smb (NAmE) (especially BrE I take my hat off to smb; hats off to smb) [қ-з: hat (3)] *it is/was tipping (it) down ​(BrE, informal) жауын құйып тұр/ тұрды *tip the balance/scales (also swing the balance) [қ-з: scale (А11)] *tip your hand (NAmE) (BrE show your hand/cards) ​жоспарын/ ойын білдіру/ айту *tip the scales at smth [қ-з: scale (А11) *tip smb the wink | tip the wink to smb ​(BrE, informal) «біреуге көз қысып белгі беру», біреуге құпия дерек беру, жасырын айту ♦There’s no way he would have bought those shares if someone in the company hadn’t tipped him the wink. – Оған компаниядағы біреу жасырын айтпаса, ол осы акцияларды сатып алмас еді. 9. (phr v) *tip smb off (about smth) ​(informal) (біреудің заңсыз әрекеті жайлы полицияға, тб) құпия хабар айту/ беру, білдіртпей көрсету ♦Three men were arrested after police were tipped off about the raid. – Басып кіру туралы жоспарды полицияға айтқан соң, үш кісіні тұтқындады. An informant tipped me off as to where he was seen last. – Тыңшы маған оның соңғы рет қай жерде көрінгенін айтты. *tip up/over | tip smth up/over ​құла(т)у, аудар(ыл)у, төңкер(іл)у ♦The mug tipped over, spilling hot coffee everywhere. – Құты аударылып, кофе жан-жаққа төгілді. We'll have to tip the sofa up to get it through the door. – Диванды есіктен өткізу үшін оны төңкеруіміз керек.