title [ˈtaɪtl] A.n 1.атау, ат ♦What's title of her new book? – Оның жаңа кітабы қалай аталады? ♦a book/album title – кітап/ альбом атауы/ аты ♦his song titles – оның әндерінің аттары/ атаулары 2.басылым, кітап, журнал ♦The company publishes twenty new titles a year. – Компания жылына жиырма басылым басады/ басып шығарады. 3.атақ, шен, дәреже, мәртебе ♦The present duke inherited the title from his father. – Президент герцог атағын әкесінен мұраға алған. ♦Give your name and title. – Аты-жөніңіз бен мәртебеңізді (= Mr, Miss, Ms, Dr, etc.) жазыңыз. 4.жұмысының/ мамандығының атауы; атақ ♦The official title of the job is ‘Administrative Assistant’. – Жұмыстың ресми атауы – «Әкімшілік істер бойынша көмекші». ♦What is your name and job title? – Аты-жөніңіз бен жұмысыңыз қандай? ♦Bessie Smith earned the title ‘Empress of the Blues’. – Бесси Смит «Блюз императоры» деген ат(ақ)қа ие болды. ♦In 2017, Brooks assumed the title of chairman. – 2017 жылы Брукс төраға қызметіне кірісті. 5.чемпиондық атақ, тсс (титул) ♦She has won three world titles. – Ол үш рет әлем жеңімпазы/ чемпионы болған. ♦He'll be defending his title at this week's French Open. – Осы аптадағы Франция ашық чемпионатында ол (өз) чемпиондық атағын қорғайды. ♦the world heavyweight title – ең ауыр салмақтан чемпиондық атақ ♦the national title – ел чемпионы ♦a title fight – (бокстан) чемпиондық (атақ үшін) матч 6. ∼ (to smth/to do smth) (law) (жерге, үй-жайға) иелік хақы ♦He claims he has title to the land. – Ол (осы) жерге хақым бар дейді. B.v (деп) атау, атау беру ♦be titled… Their first album was titled ‘Made in Valmez’. – Олардың алғашқы альбомы «Валместе жасалған» деп аталады. ♦an article titled ‘Is Music Dead?’ – «Музыка өлі ме?» деп аталатын мақала