to

to [tə; tu; tuː] A.prep 1. -қа, -ке, ға, -ге, -на, -не, -ңа, -ңе ♦I walked to the office. – Офиске (қарай) жүрдім. It fell to the ground. – Ол (нәрсе) жерге құлады. It was on the way to the station. – Ол (нәрсе) станцияға баратын жолда еді. He's going to Paris. – Ол Парижге бара жатыр.He gave it to his sister. – Бұны ол әпкесіне/ қарындасына берді. I'll explain to you everything. – Саған бәрін түсіндіремін. I am deeply grateful to my parents. – Ата-анама шексіз ризамын.She is devoted to her family. – Үй-іші/ Семьясы десе оның жаны қалмайды. What have you done to your hair? – Шашыңа не істегенсің?Attach this rope to the front of the car. – Мына арқанды машинаның алдына байла.She's married to an Italian. – Ол итальяндыққа тұрмысқа шыққан/ үйленген. the Japanese ambassador to France – Жапонияның Франциядағы елшісі the key to the door – есік(тің) кілті the solution to this problem – проблеманың шешімі It was a threat to world peace. – Бұл әлемдегі бейбітшілікке төнген қауіп еді. She made a reference to her recent book. – Ол өзінің жақындағы кітабіне сілтеме жасады.People rushed to her rescue and picked her up. – Жұрт құтқармақ болып оған жүгіріп, оны көтеріп алды. 2.дейін, шейін, -на, -не ♦The meadows lead down to the river. – Шалғын өзен жағасына дейін созылып жатты. Her hair fell to her waist. – Оның шашы беліне (дейін) түскен.a drop in profits from $105 million to around $75 million – табыстың $105 млн-нан $75 млн-ға (дейін) азаюы/ кемуі I'd say he was 25 to 30 years old. – Оның жасы 25 пен 30-дың арасы еді. We only work from Monday to Friday. – Біз тек дүйсенбіден жұмаға шейін істейміз. I watched the programme from beginning to end. – Программаны бастан аяқ/ басынан аяғына дейін көрдім.How long is it to lunch? – Түскі асқа (дейін) әлі қанша бар? ♦(especially BrE) It's five to ten. – (Сағат) онға бес (минут) қалды. 3. the smth (of smth) бірнәрсенің пәлен жағында/ пәлен жағына қарай/ пәлен жағынан ♦Place the cursor to the left of the first word. – Курсорды алғашқы сөздің сол жағынан қой. There are mountains to the north. – Солтүстікке қарай/ Солтүстікте таулар бар. 4. -ша, -ше, дейін, шейін, тсс ♦The vegetables were cooked to perfection. – Көкөніс балбырап пісіпті. He tore the letter to pieces. – Ол хатты жыртып-жыртып тастады. She sang the baby to sleep. – Ол әлдилеп сәбиді ұйықтатты. The letter reduced her to tears. – Хатты оқып ол жылады. His expression changed from amazement to joy. – Ол таңырқап барып мәз болды. 5.бірнәрсемен салыстырғанда, бірн-ге қарағанда, бірнәрседен гөрі, тсс ♦I prefer walking to climbing. – Тауға өрмелегеннен гөрі (жаяу) жүргенді жақсы көремін. The industry today is nothing to what it once was. – Бұл индустрия баяғысындағысының жұрнағы ғана./ Бұл өнеркәсіп бір кездері дүрілдеп тұрған, қазір түк те емес. We won by six goals to three. – Алты да үш есебімен ұттық. 6.мөлшерді/ арақатынасты көрсетеді ♦There are 2.54 centimetres to an inch. – Бір дюймде/ инчте 2.54 см бар. This car does 30 miles to the gallon. – Бұл машина 30 мильге бір галлон жұмсайды. 7.біреудің/ бірн-ң құрметіне, біреуге/ бірн-ге арналған, үшін ♦a monument to the soldiers who died in the war – соғыста қаза тапқан солдаттарға/ сарбаздарға арналған монумент Let's drink to Julia and her new job. – Джулия үшін, оның жаңа жұмысы үшін алып/ ішіп қоялық. 8.жақтыратынын, сезімін, пікірін білдіргенде қолд ♦His music isn't really to my taste. – Оның музыкасы көңліме жақпайды. To her astonishment, he smiled. – Ол (жігіт) жымиғанда ол (қыз) таңғалды.It sounded like crying to me. – Бұл маған айқай сияқты естіледі. 9.бірнәрсе болып жатқан кезде ♦He left the stage to prolonged applause. – Ол сахнадан кеткенше жұрт ду қол шапалақтап жатты. B.infinitive marker (болымсыз етістікті, инфинитивті білдіреді) 1. ♦I set out to buy food. – Ас сатып алу үшін тысқа шықтым. I am going to tell you a story. – Саған бір әңгіме айтайын деп тұрмын. His aim was to become president. – Оның мақсаты – президент болу. To be honest with you, I don't remember what he said. – Саған расын айтсам, оның не дегені есімде жоқ.She managed to escape. – Ол қашып құтыла алды. It was too hot to go out. – Тысқа шығуға тым ыстық еді.I'm sorry to hear that. – Бұлай болғаны дұрыс болмапты./ Қап, өкінішті.I'd love to go to France this summer. – Осы жазда Францияға барғым-ақ келеді. The leaflet explains how to apply for a place. – Қағазда орынға қалай арыз/ өтініш қалай беретіні жазылған. I don't know what to say. – Не айтарымды білмеймін.I reached the station only to find that my train had already left. – Станцияға жеткен(ім)де, пойызым кетіп қалыпты. 2. am, is, are, was, were to бірге келіп біреудің бірнәрсе істеуі керектігін не істеуге тиісті екенін білдіреді ♦You are not to talk during the exam. – Емтихан кезінде сөйлемеулерің керек. She was to be here at 8.30 but she didn't arrive. – Оның осында 8.30-да келуі керек еді/ Ол осында 8.30-да келуге тиіс еді, бірақ келмеді. C.adv 1. (әдетте есік ж) жабу, тсс ♦Push the door to. – Есікті жап(қын). 2. (idm) *to and fro [қ-з: fro]