toe [təʊ] A.n 1.башпай, аяқ саусағы; (аң-құс ж) тұяқ, тырнақ (аяқтың) ♦the big/little toe – бақай (аяқтағы үлкен саусақ)/ кішкентай башпай ♦I stubbed my toe on the step. – Басқышқа аяғымды ұрып алдым. ♦Can you touch your toes? – Башпайларыңа қолың(ыз) жете(ді) ме? ♦They are ground birds with long toes and claws. – Олар – тырнақтары ұзын ұшпайтын құстар. 2.аяқ киімнің ұшы/ басы ♦He kicked the earth with the toe of his boot. – Ол аяқ киімінің ұшымен жерді бір тепті. 3. -toed бармақтары пәлендей, пәлен бармақты ♦open-toed sandals – ұшы ашық сандалдар ♦a three-toed sloth – үш башпайлы «жалқау» (тропикалық аң) 4. (idm) *dig your toes/heels in бірнәрсе істеуге көнбеу, бас тарту ♦They dug their toes in and would not lower the price. – Олар қырсығып, бағаны түсірмей қойды. *dip a toe in/into smth | dip a toe in/into the water [қ-з: dip (А5)] *from head to foot/toe [қ-з: head (А21)] *from top to toe бастан аяқ, мүлде, толықтай ♦She was dressed in green from top to toe. – Ол бастан аяқ жасыл киіпті. *keep smb on their toes «біреуді аяғының/ табанының ұшында ұстау», біреуді әрқашан кез-келген іске әзір ұстау, босаңсытпау ♦They do random checks to keep workers on their toes. – Олар жұмысшылар босаңсымасын деп анда-санда тексеріп тұрады. ♦The threat of inspections kept us all on our toes. – Тексеріп қала ма деп бәріміз әзір отырдық. *make smb’s toes curl біреуді ұялту/ қысылту/ ыңғайсыз жағдайға қалдыру ♦The man's broad smile made her toes curl. – Әлгі еркектің ыржиысы оны (қызды) қысылтты. *tread on smb’s toes (especially BrE) (NAmE usually step on smb’s toes) [қ-з: step (В2)] B.v (idm) *toe the (party) line (NAmE also toe the mark) [қ-з: mark (В12)]