together [təˈɡeðə(r)] A.adv 1. (біреумен) бірге, жанында, қасында ♦We grew up together. – Біз бірге өстік. ♦Stay close together - I don't want anyone to get lost. – Бірге жүріңдер – ешкімнің адасқанын қаламаймын. ♦Do you want to get together again next week? – Келесі аптада жолыққы(лары)ң(ыз) келе(ді) ме? ♦Together they climbed the dark stairs. – Олар бірге қараңғы басқышпен көтерілді. ♦The two sides need to work together to solve this dispute. – Екі жақ дауды шешу үшін бірге жұмыс істеу(лер)і тиіс. ♦They seem to get on perfectly well together. – Олар бір-бірімен жақсы тіл табатын сияқты. ♦They split up after ten years together. – Олар он жыл бірге тұрған соң ажырасып кетті. ♦My son and his girlfriend are living together now. – Ұлым мен оның қыз досы қазір бірге тұрады. 2.бірге, бір-бірімен араластыра ♦He rubbed his hands together in satisfaction. – Ол риза бола алақандарын ысқылады. ♦She nailed the two boards together. – Ол екі тақтайды біріктіре қақты. ♦Mix the sand and cement together. – Құм мен цементті араластыр. ♦All the parts fit together perfectly. – Барлық бөлшек(тер) бір-біріне мінсіз кірігіп тұр. ♦Taken together, these factors are highly significant. – Қосыла келе, бұл факторлар – өте елеулі. ♦He has more money than the rest of us put together. – Оның ақшасы (біздің) бәріміздікінен көп. 3.бірге, бір уақытта, қатарласа ♦They both spoke together. – Олардың екеуі де қатарласа сөйледі. ♦(informal) All together now: ‘Happy birthday to you…’ – Ал енді бәріміз бірге: «Туған күнің құтты болсын...» 4.өзара келіскен/ ұғысқан ♦After the meeting the two sides in the dispute were no closer together. – Жиналыстан соң екі жақ (өзара) ұғыспаған күйінде қалды/ екі жақтың пікір алшақтықтары сол күйі қалды. 5. for hours, days, etc. ∼ (formal) сағаттап/ талай күн бойы, тб тоқтаусыз/ толассыз ♦She sat for hours together just staring into space. – Ол сағаттар бойы құры алдына қарады да отырды. 6. (idm) *together with a) қоса алғанда, қосқанда ♦Together with the Johnsons, there were 12 of us in the villa. – Джонсондарды/ Джонсон үй-ішін қосқанда, виллада он екі адам болдық. b) (с)оған қоса, тағы; сондай-ақ ♦Our meal arrived, together with a bottle of red wine. – Асымызға қоса/ Асымызбен бірге бір шөлмек қызыл шарап келді. B.adj (informal, approving) (кісі ж) жинақы, ұқыпты ♦He's incredibly together for someone so young. – Соншама жас болса да, ол өте жинақы.